⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Наурыз 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    ЖАСТАРҒА ЖІГЕР БЕРГЕН ЖАРҚЫН ШАРА

    18.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс, Мереке
    ЖАСТАРҒА ЖІГЕР БЕРГЕН ЖАРҚЫН ШАРА
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    19 наурыз – Жаңару күні қарсаңында 6654 әскери бөлімінде тағылымы терең, мазмұны бай “Ашық есік күні” кең көлемде ұйымдастырылды. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы мен Алматы облысы Полиция департаменті бірлесуімен өткізілді. Шараға Іле ауданы №7 орта мектебінің 5 “Ғ” және 6 “З” сынып оқушылары, сондай-ақ М. Жұмаділов атындағы білім ордасының “Жас сақшы” патриоттық сыныптарының тәрбиеленушілері қатысты.

    Бұл күн – жас буын үшін ерекше әсерге толы, тәрбиелік мәні зор кездесу болды. Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа әскери қызметтің маңызын түсіндіру, құқық қорғау органдарының қызметімен таныстыру, сондай-ақ олардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.

    Іс-шара барысында оқушылар әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен жақын танысып, сарбаздардың күнделікті қызметі жайлы толық мәлімет алды. Әсіресе, қызметтік иттердің көрсетілімі көпшіліктің қызығушылығын оятты. Арнайы дайындықтан өткен иттердің көмегімен қаруланған қылмыскерді ұстау, атыс нүктесін анықтау, кенеттен жасалған шабуылға тойтарыс беру, түрлі нысандарда жасырынған құқық бұзушыларды іздеу және залалсыздандыру тәсілдері көрсетілді. Бұл көріністер құқық қорғау саласының күрделілігі мен жауапкершілігін айқын көрсетті.

    Сонымен қатар, оқу-жаттығу взводы мен “Бүркіт” арнайы жасағының қатысуымен қару-жарақ пен заманауи техникалардың көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде UNICORN доңғалақты роботы, TRAILBLAZER шынжыр табанды роботы, Mercedes-Benz Sprinter арнайы автокөлігі және БКМ АЛАН-2 техникасы таныстырылып, олардың қызметтік мүмкіндіктері түсіндірілді. Оқушылар заманауи технологиялардың құқық қорғау саласындағы рөлімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

    Шараның мәдени бөлімі де жоғары деңгейде өтті. 6654 әскери бөлімінің клубында ұйымдастырылған оркестрдің концерттік бағдарламасы жас сақшыларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Патриоттық әндер орындалып, жасөспірімдердің рухын көтеріп, олардың елге деген сүйіспеншілігін арттыра түсті.

    Жаңару күні – тек мерекелік дата ғана емес, сонымен қатар жаңғыру мен жаңа бастамалардың символы. Биыл бұл күн “Цифрлық трансформация” тақырыбымен ұштасып, қоғамның дамуына серпін беретін инновациялық бағыттарды насихаттауға арналды. Көрсетілген заманауи техникалар мен роботтандырылған құрылғылар осы бағыттың нақты көрінісі болды.

    Іс-шараға арнайы қатысқан Алматы облысы Полиция департаментінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жанар Абайқызы Көптілеуова және Ақпараттық және байланыс басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ержан Сауахасович Багисбеков жас ұрпаққа ізгі тілектерін білдіріп, олардың болашақта ел қорғайтын азамат болып қалыптасуына сенім білдірді.

    Осындай мазмұнды әрі тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың санасына патриоттық рух сіңіріп, олардың елге деген сүйіспеншілігін арттыра түседі. “Ашық есік күні” – әскери қызмет пен құқық қорғау органдарының абыройын асқақтатып қана қоймай, болашақ қорғаушылардың қалыптасуына жол ашатын маңызды бастама.

    Жаңару күні аясында өткен бұл шара – ел болашағы саналатын жастарға бағыт-бағдар беріп, олардың бойында жауапкершілік, тәртіп және отансүйгіштік қасиеттерді нығайтқан жарқын әрі есте қаларлық күн болды.
    Қырғызбай Альбина Қайратқызы
    6654 әскери бөлімінің бөлініс бастығы,
    кіші сержант

    Соңғы жаңалықтар

    Әрбір шешім маңызды
    18.03.2026
    Жаңа Конституция қабылданды
    18.03.2026
    Екі амбулатория ел игілігіне берілді
    18.03.2026
    Бір тал кессең, он тал ек
    18.03.2026
    Саяси шара сапында
    18.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>