⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Наурыз 19, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлыс күні аясында

    18.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Ұлыс күні аясында
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Наурыз мерекесі аясында аймақта 300-ге жуық түрлі іс-шара өткізу жоспарланып, жүзеге асырыла бастады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Төлеген Кенжебеков пен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әнуар Үмбетәлиев мәлімдеді. 

    Спикерлердің сөзінше, Ұлыстың ұлы күніне арналған бағдарламада «Digital Nauryz» бастамасы арқылы жасанды интеллект мүмкіндігі мен цифрлық шешімдер кеңінен қолданылып, мейрам мазмұны жаңа деңгейге көтеріледі. Әлеуметтік желілерде танымал тұлғалардың қатысуымен онлайн көрсетілім ұйымдастырылады. Қоғамдық орындарда мерекелік безендірулер орнатылып, этноауыл үлгісіндегі алаңдар жасақталып, қала СЕМИНАР келбеті ерекше нақышқа енеді. Сауда нүктелерінде жеңілдік акциялары өткізіледі. Қайырымдылық бағытындағы бастамалар да назардан тыс қалмайды. Балаларға сыйлықтар таратылып, қарияларға құрмет көрсетіледі. Сонымен бірге тұрғын үйлер ауласында көршілік байланысты нығайтатын мерекелік кездесу ұйымдастырылады. Табиғатты қорғауға арналған акция аясында сенбілік өткізіліп, ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі, бұлақ көздері тазаланады. Ат жарысы, көкпар, қыз қуу, күрес және басқа да дәстүрлі сайыстар көрермен назарына ұсынылады. «Негізгі шара 21 наурызда Қонаев қаласында өтеді. Орталық алаңдағы сахнада театрландырылған қойылым мен танымал әншілердің концерті ұйымдастырылады. Бұл кешке мыңдаған көрермен жиналады деп күтілуде. Саябақ аумағында қолөнер шеберлерінің көрмесі, ұлттық ойындар және тақырыптық аймақтар жұмыс істейді. Солардың қатарында «Face of Nauryz» және «Жеті қазына» атты цифрлық кеңістік бар. «Жеті қазына» бөлімінде интерактивті технология арқылы ұлттық мұра мазмұны ерекше форматта ұсынылса, «Face of Nauryz» алаңында келушілердің бейнесі жасанды интеллект көмегімен өңделіп, заманауи стильде ұсынылады. Сондай-ақ роботтардың қатысуымен қызықты бағдарлама ұйымдастырылып, автоматтандырылған аспаздық аймақта ұлттық тағам дайындалады», – деді Әнуар Үмбетәлиев. 13-23 наурыз аралығында республикалық «Nauryz Sale» акциясы өткізіледі. Бұл бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы ынталандыруға және ел тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға бағытталған. «Алматы облысы бойынша аталған акцияға 85 сауда орны қатысуда. Олардың қатарында өңірдегі ірі сауда желілері – Magnum, Small, Toimart және басқалары бар. Акциялық тауарлар «Nauryz» фирмалық безендіруі арқылы белгіленеді», – деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Төлеген Кенжебеков.

    Ерзат АСЫЛ

    Соңғы жаңалықтар

    Ұлыс күні аясында
    18.03.2026
    Әрбір шешім маңызды
    18.03.2026
    Жаңа Конституция қабылданды
    18.03.2026
    Екі амбулатория ел игілігіне берілді
    18.03.2026
    Бір тал кессең, он тал ек
    18.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>