⛅
13°C
Қонаев
Бейсенбі, Наурыз 19, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Шекарашылар сапына қосылды

    19.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Қорғаныс
    Шекарашылар сапына қосылды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Көктемнің алғашқы айы еліміз үшін айшықты оқиғаларға толы болды. Референдум, Наурызнама, жастарды әскерге шақыру науқанының басталуы…

    Міне, осы аптада ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Ақжардағы техникалық және кәсіби даярлық бөліміне әскерге шақырылғандардың алғашқы легі де келе бастады. Республиканың түкпір-түкпірінен келген болашақ шекарашы сарбаздарды қабылдап, оларды медициналық тексеруден өткізген соң құжаттарын қабылдау секілді маңызды шаралар да басталып кете барған. Осынау қарбалас сәттің үстінен түскен бізге өз кезегін күтіп тұрған жас жігіттерді сөзге тартудың сәті түскен. Сөйтсек, олардың ішінде әскерге бірге алынған ағайындылар да бар болып шықты. Ерасыл мен Жанәсіл Қуаттар. Өздері Талдықорған қаласынан екен. Тағы бір қызығы,ағайынды сарбаздардың үлкен Ерасыл жоғары білімді, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының бірін бітірген. Жанәсіл өзінің туған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы университеттің физика-математика факультетінің 2-ші курс студенті. Әскер қатарына шақырту алған ағасымен бірге қызмет ету үшін академиялық үзіліс алған көрінеді.

    Ал медициналық тексеруден өтіп жатқан бозбалалардың ішінен Александр есімді сарбазәскери мектепті бітіріпті. Алайда өзі таңдаған әскери жоғары оқу орындарының біріне түсу бақыты бұйырмаса керек. Сондықтан, шекарашылар сапына өзі сұранған жас жігіт әскерден кейін қалайда офицер атану үшін ҰҚК Шекара академиясына қайта бағын сынап көргісі келеді. екен… Өзі қазақшаға судай. Өкінішке орай, өзімен сұхбатымыз аяқталмай қалды. Кезегі келіп, медициналық тексеруден өту үшін ішкі кіріп кеткен Сашамен әңгімемізді алдағы күндері қайта жалғастыратын болып шештік.

    Сағат 11.ден 30 минут өткенде қақпа қайта ашылып, ішке енген әскер автобустан түскен әскер қатарына шақырылушыларды патриоттық ән мен ыстық бауырсақ қарсы алған. Әрі қарай, оларды бөлімнің медициналық лазареті күтіп тұр. Содан кейін ғана барып, оларға әскери киім берілген соң келісімшарт негізіндегі әскери қызметшілердің бастауымен моншаға барады. Бұл – әскери өмірдің аппақ парағы айқара ашылғанын білдіреді…

    …Түстен кейін ҚР ҚМ қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қалалық жиын пунктінде 50-ге тарта әскерге шақырылушынышығарып салуға арналған салтанатты рәсім өтті.Мұнда «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының төрағасы отставкадағы полковник Н.Мұздыбаев бастаған шекарашы ардагерлер мен ата-аналар, қаладағы әскери-патриоттық клубының мүшелері қатысты. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар шараның әрін кіргізген патриоттық рухтағы шағын концертті тамашалады. Рәсім соңында ата-аналарға ұлдарымен естелік суретке түсіп, қоштасуларына мұрсат берілді.

    Міне, біз бір күннің ішінде өткен басты жаңалықтарға тоқталдық. Айтар болсақ, Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының оқу базасы 100-ге тарта әскерге шақырылушыны қарсы алса, тағы 50-ге жуық жас жігіт қазақ-қытай шекарасын күзететін шекара басқармасына жол тартты. Осыған ұқсассалтанатты рәсім жұма күні Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында да өтті. Облыс әкімішығарып салған шара туралы бөлек қалам тербейтін боламыз.

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,

    ҰҚК Шекара қызметі

    Алматы облысы бойынша департаментінің

    баспасөз хатшысы

    Соңғы жаңалықтар

    Шекарашылар сапына қосылды
    19.03.2026
    “Stop Corruption” — адал қоғамға бастар жол!
    19.03.2026
    Казахстан вошёл в топ-40 экономик мира – данные международных аналитиков
    19.03.2026
    Energo University мен ҚР Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімі арасында стратегиялық серіктестік орнады
    19.03.2026
    Ақынның көзін көрген
    19.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>