⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Наурыз 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Пәтер кілті табысталды

    20.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Пәтер кілті табысталды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қатар келген қос мереке – Ораза айт пен Наурыз мейрамы қарсаңында Талғар қаласындағы Мәдениет үйінде көп жылдан бері кезекте тұрған жандарға пәтер кілті табысталды.

    Салтанатты шарада аудан әкімі Таңат Айдарбеков жиналған жұртшылықты әз-Наурыз мерекесімен  құттықтап, соңғы екі жарым жыл ішінде халықтың осал тобындағы жандарды баспанамен қамту үшін республикалық бюджеттен 359 пәтерге қаржы бөлінгенін атап өтті. Бүгін  22 отбасы баспаналы болатынын,  бұл бағдарлама әрі қарай да жалғаса беретінін айтты.

    Бұдан соң аудан әкімі Таңат Есенкелдіұлы қуаныш тиелеріне баспана кілтін және әкімдік атынан дайындалған сыйлықтарды табыстады. Алғашқы болып Александр Букиев пәтер кілтін қолына алса, одан соң Сәуле Боқаева, Мөлдір Сайбекова, Руслан Путшиев, Александр Кириллов, Арайлым Сәрсенбаева, Ғалия Кенжебекова, Бақытгүл Алджажарова, тағы басқалар рет-ретімен шақырылып, баспана кілтіне ие болды. Әсіресе осы сәтті ұзақ күткен параолимпиада қатысушысы Иван Глазырин мен мүгедек ана Зульфия Жантасованың қуанышында шек жоқ.

    Айта кетер болсақ,  «Отбасы Банк» АҚ мен Талғар ауданы әкімдігінің арасында мемлекет тарапынан берілген 153 жалдамалы пәтерді бөлу жөнінде келісім жасалған. Бүгін соның 22-сі әлеуметтік осал топтағы жандарға табысталды. 2025 жылы ауданның құрылыс бөлімі 205 пәтер сатып алған еді, биыл  олар да кезегі жеткен тұрғындарға берілетін болады. Жалпы 2026 жылы Талғар ауданында 358 пәтер  өз иесін табады.

    – Бүгін шын мәнінде сіздер үшін ең бақытты күн. Өйткені баспана адам үшін ең басты мәселе. Мемлекет басшысының саясатына орай, ауданымызда жыл сайын жүздеген отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарып келеді. Барлығыңызды баспаналы болударыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Шаңырақтарыңызға әрқашан шаттық пен бақыт орнасын! Әрқайсыңызға зор денсаулық, отбасыларыңа толағай табыс тілеймін! Еліміз гүлденіп, өркендей берсін, – деді Таңат Есенкелдіұлы.

     Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    ҚОНЫСТОЙ

    1 of 4
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    Соңғы жаңалықтар

    Балдай тәтті балмұздақ
    20.03.2026
    Тәні саудың – жаны сау
    20.03.2026
    Жаңаруға бастаған
    20.03.2026
    Ырысы алды – ынтымақ
    20.03.2026
    Қарттарға құрмет
    20.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>