⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Наурыз 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Қарттарға құрмет

    20.03.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Қарттарға құрмет
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Жамбыл ауданында жастар ресурстық орталығының жаны­нан құрылған «Мейірім» еріктілер клубы түрлі бағыттағы қоғамдық маңызы бар іс-шараларға белсене қатысады. Клуб мүшелері жауапкершілік пен азаматтық таныту арқылы елдегі еріктілер қозғалысын дамытуға өз үлестерін қосып келеді.

    Жуырда жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық еріктілер жылына орай «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында кезекті шара өткізілді. Аудан жастары жалғызбасты қарттардың ауласын тазартып, үй-жағдайына көмек көрсетті. Атап айтқанда, Жамбыл атындағы кәсіптік-техникалық колледжінің білімгерлерінен құралған еріктілер Ұзынағаш ауылының тұрғыны Бердіқұл атаның ауласын тазалап беріп, алғысын алды. Сол сияқты аталған акция аясында ауыл жастары Кәмилә апаның да шаңырағына барып, тұрмыстық шаруаларына қолқабыс етті.
    – Бұл шараның басты мақсаты – үйде жалғыз тұратын қарттарға жәрдемдесу арқылы қоғамда мейірімділік пен еріктілік мәдениетін дамыту. Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі. Біз осы дәстүрді сақтап қалуымыз керек. Өйткені біреуге қолұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет. Халқымызда осындай береке-бірлікке шақыратын «Асар» дәстүрі бар. Бұл – ғасырлар бойы құндылығын жоймаған ата салтымыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, волонтерлік қызметтің басты мақсаты да сол – біріге жұмылып, халыққа қызмет ету, – дейді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Балжан Досалы.
    «Мейірім» клубы  экологиялық, әлеуметтік, қайырымдылық және төтен­ше жағдайлардың алдын алу мен салдарын жою бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Студенттер мен ауыл жастары арасында волонтер­лік мәдениетті кеңейту мақсатында  көптеген іс-шара ұйымдастырылды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты
    20.03.2026
    Балдай тәтті балмұздақ
    20.03.2026
    Тәні саудың – жаны сау
    20.03.2026
    Жаңаруға бастаған
    20.03.2026
    Ырысы алды – ынтымақ
    20.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>