⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Наурыз 21, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлттық спорт күні

    20.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мереке, Спорт
    Ұлттық спорт күні
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Наурызнаманың онкүндігіне орай Еңбекшіқазақ ауданында Ұлттық спорт күні кең көлемде аталып өтті. Есік қаласы мен 25 ауылдық округтің барлығының стадиондарында ұлттық спорттың түр-түрінен жарыстар ұйымдастырылып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар мықтылар анықталды.

    Ұлттың рухын асқақтатып, бойдағы қанды тулатар ұлттық спорттың орны қашан да маңызды. Осы орайда ұлттық спорт пен ата-бабадан мұра болып қалған халқымыздың асыл құндылықтарын дәріптеп, салауатты өмір салтын насихаттауды, бұқаралық спортты дамытуды, жастардың бойына отансүйгіштік қасиет пен елге, жерге деген құрметті қалыптастыруды мақсат еткен бұл күннің орны бөлек.
    Мерекелік күн аясында арқан тарту, асық ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, бестас, гір тасын көтеру, садақ ату, қошқар көтеру сияқты тағы басқа ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізіліп, аудан тұрғындары белсенділік танытты. Әсіресе, жастар мен жасөспірімдердің қызығушылығын ерекше атап өту керек.
    Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы, Еңбекшіқазақ ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және жергілікті атқарушы органдардың, білім мекемелерінің ұйымдастырумен өткен іс-шаралар мерекенің көркін қыздырды.
    Рухты асқақтатып, намысты жанитын ұлттық спорт түрлері спортшының бойына күш пен жігер дарытып, оны дәлдік пен мергендікке, ептілік пен шапшаңдыққа баулиды. Ой-өрісін арттырып, сабыр мен төзімді үйретеді.
    Еңбекшіқазақ ауданының №1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің
    тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушысы Дилярам Базарбайқызы: «Қазақтың ұлттық ойыны – тоғызқұмалаққа қызығушылар саны жылдан-жылға артып келеді. Тоғызқұмалық – бала бойындағы жылдам ойланып, дұрыс шешім қабылдау дағдысын арттыратын ой жаттығуы. Алматы облысынан шыққан тоғызқұмалақтан әлем чемпионы Ернұр Батыр және Азия чемпионы Томирис Дәулеткелді сынды спортшыларымызды мақтан тұтамыз, әрі олар сияқты чемпиондар осындай спорттық жарыстарда іріктеліп шығары анық», – дейді.
    Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан қатысушылар арнайы марапаттарға ие болып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Ұлттық спорт күні – халқымыздың бай мәдени мұрасын дәріптеп, оны келер ұрпаққа жеткізудің маңызды бір қадамы екені сөзсіз.
    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Ынтымақ – ырыс кепілі
    21.03.2026
    Көше тұрғындары Наурыз мейрамын тойлады
    21.03.2026
    Береке мен бірлік мерекесі
    21.03.2026
    Балқаш ауданында ұлттық спорт түрінен жарыс өтті
    21.03.2026
    Ынтымақ – елдің ырысы
    21.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>