⛅
20°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Ұрпаққа өнеге болған шара

    22.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мереке
    Ұрпаққа өнеге болған шара
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қарадаланың төсінде ұлыстың ұлы күні үлкен деңгейде аталып өтіп жатыр. Аудан орталығы Шонжының кіреберісінде орналасқан Әлмерек батырдың таутұлғалы алып ескерткішінің алдында мыңға тарта халық жиналып, рухани шараның куәсі болды.

    Бұл шараны бабаның кіндігінен тараған сегіз ұлдың үлкені Жәнібек батырдың ұрпақтары ұйымдастырған екен. Наурызнаманың онкүндігі аясындағы шараның басталуында Әлмерек баба ескерткішінің жанындағы саябаққа 85 түп ағаш отырғызылды.

    «Армысың, әз Наурыз» атты шараның құттықтау сөзіне мінбеге көтерілген Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, Стақан Белғожаев, Әлмерек баба мәдени қорының директоры Ысқақ Нұрмұханбетовтер айтулы шараның мәні мен мазмұнына кеңінен тоқталып, ұлыстың ұлы күні қарсаңында саябақ маңына ағаш отырғызып, келер ұрпаққа өнегелі із қалдырып жатқан жандарға алғыстарын айтты. Ұйғыр ауданының әкімі Бота Серікқызы аталмыш саябақ ашылғалы аудан халқының мәдени демалыс орнына айналғанын айтып, саябақтың ашылуына үлес қосқан жандарға да ризашылығын білдірді. Өткен жылы ауданымыздың 90 жылдығы аясында да «Туған жерге туыңды тік» ұранымен осы өңірден түлеп ұшқан түлектердің басын қосып, туған жердің өркендеуіне өз үлестерін қосса деген ниеттің де нәтижелі екенін айта келе, алдағы уақытта да осында халықтың рухын асыратын шаралардың көп болуын тіледі. Ұлыс күнімен жиналған қауымды құттықтады. Ал Ысқақ Молдаәлімұлы бұл шараның өтуіне қолдау көрсеткен Қарадаланың атқамінерлері мен азаматтарына шынаайы ықыласын білдірді.

    Бұл күні Жәнібек батыр ұрпақтарының демеушілігімен өткен Наурыз мерекесінде тігілген ақшаңқан қазақ үйлерде барлық келген қонақтарға тілеу көже беріліп, астан дәм татқызды. Қыстан аман-есен шығып, құты кірген ел азаматтары төс қағыстырып, құшақ айқастырып, мәре-сәре болып жатты. Ал бір тұста суретші Төленді Дүйсенбаев ағамыздың туындылары қойылған көрме де көптің назарын аударды. Төленді ағамыз – Әлмерек абыздың да, оның ұлы Жәнібек батырдың да, сонымен қатар Тазабек, Әубәкір бабалардың да суретін сомдаған қылқалам шебері. Оның қолынан шыққан туынды негізінде Әлмерек абыздың ескерткіші де мүсінделген екен. Баба ұрпақтары атаның атын асқақтатып жүрген бауырларына осы шарада шапан жауып, қазақылықтың жөн-жоралғысын да жасады. Сонымен қатар Қарқара көтерілісі кезіндегі мыс самауыр мен басқа да заттар, Ұзақ Саурықұлының өз қолымен ұстаған шоқпары, Әлмерек баба ұрпақтарының ұстаған қару-жарағы да осы көрме аясында келген көпшілікке таныстырылды. Жиналған қауымның әр тарихи құндылыққа жіті қарап, қызығушылық танытқанын айтпай-ақ түсінуге болады.

    Шара спорттық жарыстармен жалғасты. Ұлттық спорттың дүбірі қызды. Ерлер мен қыздар арасындағы қол күресі, қошқар көтеру, арқан тартыс сынды сайыстар тартысты өтті. Танадай қошқарды ойланбастан иыққа салған азаматтар арасында Азамат Табиғат қошқарды 110 рет көтеріп, өз еншісін арқалап кетсе, арқан тартудан «Шонжы жастары» командасы бірінші орынды, «Әлмерек» командасы екінші орынды, ал «Қарадала» командасы үшінші орынды иеленді. Білектіні анықтау да оңай болмады. Тартысты өткен қол күрес сайысында ерлер арасында Османов Рамиль ешкімге дес бермей, бірінші орынды қанжығаға байласа, Аян Қуанышбекұлы екінші, Ильхам Азизов үшінші орынды еншіледі. Ал қол күрестірген қыздар арасында Тоқтарбай Раушан бірінші, Ясмина Пармашова екінші, Мақпал Маратқызы үшінші орындарға тұрақтады. Барлық жеңімпаздар арнайы дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

    Кеген және Ұйғыр ауданының өнерпаздары бұл күні келген көпшілікке әнмен шашу шашты. Дәстүрлі әндер шырқалып, әуезді әуен Қарадаланы ерекше көңіл-күйге бөледі. Биыл бірінші рет осындай ұлық шараны ұйымдастырып отырған Әлмерек абыз ұрпақтары келер жылдары да бұл игі істің жалғасын табарына сендірді. Жай той емес, рухани тойға келген ағайын бұл шарадан жадырап қайтып жатты.

    Анар Дүйсенбайқызы

    Ұйғыр ауданы

     

    Соңғы жаңалықтар

    ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН «DAMDASTOUR» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ НАУРЫЗДЫҢ ЖАРҚЫН ОҚИҒАСЫНА АЙНАЛДЫ
    22.03.2026
    Алатау қаласында Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті
    22.03.2026
    Қонаев әкімі Наурыз мерекесіне орай құттықтады
    22.03.2026
    Ұрпаққа өнеге болған шара
    22.03.2026
    Ақтастыдағы Наурыз тойы
    21.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>