⛅
14°C
Қонаев
Дүйсенбі, Наурыз 23, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Республика жастары «Мөлдір бұлақ» акциясына қатысуда

    23.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Экология
    Республика жастары «Мөлдір бұлақ» акциясына қатысуда
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы басталды. Акцияның ұйымдастырылуы Наурызнама онкүндігінің «Тазару күнімен» тұспа-тұс келіп отыр.

    Шараның мақсаты – су көздерін, бұлақтарды, өзен-көлдер мен теңіз жағалауларын қоқыстан тазарту, жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

    Бұл игі бастамаға еліміздің барлық мектеп оқушылары, колледж студенттері мен ерікті жастар қолдау білдіруде. Акция аясында бұлақтардың көзін ашу және абаттандыру, жағалауларды тұрмыстық қалдықтардан тазарту, табиғатты аялауға бағытталған экологиялық шаралар ұйымдастырылуда.

    Акцияға алғашқылардың бірі болып Жамбыл облысындағы «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығында көктемгі каникулда демалып жатқан оқушылар үлес қосты. Олар бұлақ көзін ашып, маңайын қоқыстан тазалады. Ал, Шымкент қаласының ерікті жастары, колледж студенттері Қошқар ата өзенінің жағалауында сенбілік ұйымдастырды.

    Маңғыстау облысының студенттері де Каспий теңізінің жағалауында өткен акцияға атсалысты. Шараға қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын атап өтеді.

    Айта кетейік, алдағы бір ай ішінде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасын табады.

     

    Соңғы жаңалықтар

    «Мөлдір бұлақ» акциясы жалғасып жатыр
    23.03.2026
    Табиғатқа тағзым
    23.03.2026
    Жаңа жол, жаңа жыл: «Көшпенділер қалашығында» 3500-ден астам адам Наурызды тойлады
    23.03.2026
    Президент Тазару күніне орай үндеу жасады
    23.03.2026
    Республика жастары «Мөлдір бұлақ» акциясына қатысуда
    23.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>