☀️
10°C
Қонаев
Жұма, Наурыз 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ғасыр биігіндегі мектеп

    27.03.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Ғасыр биігіндегі мектеп
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Биыл Еңбекшіқазақ ауданы Асысаға ауылындағы Төлен Қабылов атындағы орта мектепке 100 жыл толып отыр. Ғасырлық межеге жеткен мектептің іргетасы 1926 жылы жаппай сауатсыздықты жою мақсатында қаланған. Білім ошағының бастапқы қабырғасы шежірелі Шелектегі атақты төрт байдың бірі болған Әбдірештің ағаш үйінің конструкциясы арқылы Асысағаға әкелініп жасалған деседі.

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар мектептің жүз жылдық тарихымен өзара үндес екені анық. Оның бір дәлелі – мектеп түлегі, 28 жасында Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан Кеңес одағының батыры Төлен Қабыловтың есімі өзі оқыған мектепке берілуі дер едік.
    Жүз жылдықтың бедерінде төрт буын­ды алмастырған мектеп мұғалімдері білім мен тәрбие беруде өзіндік із қалдырғаны анық. Мектеп тарихының бастапқы елу жылдығында қызмет еткен, сабақ берген ұстаздар қауымы бұл күнде арамызда жоқ. Ал сол кезеңдегі ұстаздардың ерен еңбегі мен тәлім-тәрбиесі шәкірттерінің жүрегінде мәңгілік қалғаны сөзсіз.
    Мектеп тарихының үшінші ширек ғасырында еңбек еткен, бұл күнде бейнеттің зейнетіне бөленген еңбек демалысындағы ұстаздар қауымы өз алдына болмысы бөлек мұғалімдер қатарын құрайды.
    Мектеп шежіресінің төртінші буын мұғалімдері Алматыда жоғары білім алып, институт бітіріп, жолдамамен жұмысқа келгендер не болмаса «Туған жерге туыңды тік» деп маман болып оралғандар мен ауылға келін болып келіп, әже болып отырған жандардың шоғырынан тұрады.
    1978 жылы он жылдық жалпы білім беру мәртебесіне ие болған мектеп бұл күндері бастауыш, орта, жоғары буын секілді жалпы білім берудің кешенді сатысын жүзеге асыруда. Осыған орай мұғалімдер қауымы ауыл баласына білім беру мен өнеге көрсетудің өзіндік үлгісін көрсетіп келеді. Біз оқыған жылдары бастауыш буынға батырдың қызы Зағипа Төленова бастаған Тұрар Жұмақанова, Гүлзира Есенханова секілді аға буын өкілдері сабақ берді. Бастауышты бітірген ойын баласын қабылдап алған орта және жоғары буын мұғалімдері «өзінің уақытын аямай, өзгенің бақытын аялауға» бар күш-жігерін сарп етті. Осындай ұстаздар көшін Әділ Кенжебеков, Оспан Нәбиев секілді ұлағатты жандар бастады. Әділ ағайдың Мұзтаудың мұзбалақ ақыны Мұқағалимен сыныптас болғанын біреу білсе, біреу біле бермейді. Бұл да бір тарих. Ал Оспан ағай математика тек натурал сандардан ғана емес, Пифагордың «дүние саннан тұратынын» ұғындырған жан.
    Бұдан басқа да мектепте көптеген педагог еңбек етті. Мектеп түлектері әр салада қызмет жасап, еліміздің гүлденуі­не өз үлестерін қосуда. Әр жылғы түлектер ауылдың көркеюіне ықпал етіп, арка тұрғызып, балалар алаңын, демалыс орындарын жасауы, ауыл зираты­ның қорым үйін жабдықтауы үлгі тұтар­лық іс. Сондай-ақ жекелеген түлектер­дің мектептің материалдық базасын нығайтуға, ауыл мешіті­нің жаны­нан қатымхана тұрғызуға атсалысып, перзенттік парызын өтеуі мектептен алған тәлімінің нәтижесі деп санаймыз.
    Ғасыр тойын атап өтіп жатқан қара шаңырағымыздан әлі талай тәлімді шәкірттердің заман талабына сай білім алып, түлеп ұшарына кәміл сенеміз.

    Саян ЖИРЕНОВ,
    Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры,
    филология ғылымдарының кандидаты
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
    27.03.2026
    Қазақстанда ауылдық елді мекендерге арналған FWA желісінің іске қосылуы көрсетілді
    27.03.2026
    Баспанамен қамтылды
    27.03.2026
    Қарадаладағы той
    27.03.2026
    Бұлақ көрсең, көзін аш!
    27.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>