☀️
8°C
Қонаев
Жұма, Наурыз 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жас өрендермен бірге!

    27.03.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Жас өрендермен бірге!
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Наурыз мейрамында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласындағы арнаулы қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығына барып, балдырғандармен бірге 40 түп ағаш көшетін екті.

    Балалар үйінің ауласын жасыл желекпен жайқалтуға атсалыса отырып Марат Елеусізұлы табиғатқа жанашырлық – тәрбие көзі екенін тілге тиек етті. Өз кезегінде аймақ басшысы әкімдік тарапынан ондағы тәрбиеленушілердің сапалы білім алуына, спортпен айналысып, өнер мен шығармашылыққа бейімделуге барлық жағдай жасалғанын атап өтті.
    – Біздің басты тілегіміз – сендердің қанаттарың қатайып, үлкен азамат болып өскендеріңді көру. Араларыңнан ел намысын қорғайтын чемпиондар, озық ойлы ғалымдар мен халқына адал қызмет ететін тұлғалар шығатынына кәміл сенемін. Еліміздің ертеңі – сендердің қолдарыңда. Осында балалардың игілігі үшін қызмет етіп жатқан мамандарға кәсіби біліктіліктері мен азаматтық ұстанымдары үшін алғыс айтамын. Жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, оларды отаншылдыққа тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз еліміздің баянды болашағын қалыптастыруға қосылған үлкен үлес. Ұлыстың ұлы күні баршаңызға бақ-береке әкелсін! Еліміздің дамуына жаңа серпін беріп, жақсылықтың бастауы болсын! – деді облыс әкімі.
    Бұдан соң Марат Елеусізұлы балалар үйіндегі тәрбиеленушілермен емен-жарқын әңгімелесіп, бірге наурызкөже ішті. Балдырғандар дайындаған көрме мен концертті тамашалады.
    Мерекелік шараға құрметті қонақ ретінде қатысқан «Шин-Лайн» компаниясының басшысы Андрей Шин мырза да арнаулы қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығындағы тәлім алушыларды Наурызбен құттықтап, жас өрендерге жарқын болашақ тіледі. Компания басшысы балаларды тәтті балмұздақтар қалай дайындалатынын көріп, өндіріс жұмысымен танысуға шақырды. Сондай-ақ «Ай сайын орталыққа балмұздақ әкеліп тұрамын» деген уәдесін берді. Әкімдік тарапынан жас ерекшелігіне қарай балаларға кітаптар сыйға тартылып, орталыққа музыкалық құрал-жабдықтар берілді.
    Алматы облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Айгүл Есімбекова өңірдегі әрбір баланың құқығы мен қауіпсіздігі бақылауда екенін айтты. «Қандай да бір күрделі мәселелер, өмірлік қиын сәттер туындаған жағдайда жедел көмек көрсетеміз. Әсіресе осы Қонаев қаласындағы балаларды қолдау орталығы ерекше назарымызда. Мұнда жиі келіп тұрамын. Тәрбиеленушілердің әрқайсысын жеке танимын. Мұнда өте жақсы жағдай жасалған. Олармен білікті мамандар жұмыс істейді. Бастапқыда мінезі тұйық, көпшілік арасында қысылатын балалар қазір ашылып, өзін еркін сезінетін болған. Түрлі бағыттағы іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оған балалар үлкен ықыласпен қатысады. Осы орайда облыс әкімдігіне ерекше алғысымды білдіремін. Марат Елеусізұлы үнемі кездесу өткізіп, балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөледі», – деді Айгүл Қанатқызы.
    Айта кетер болсақ, Қонаевтағы облыстық арнаулы қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығы өткен жылы жеке инвестор есебінен 180 балаға арналып салынған. Мұнда кіші және ересек топтарға арналған бөлек асханалар, жеке спорт және мәжіліс залдары, кең ойын алаңы, демалыс орындары, кітапхана, медициналық ем қабылдау бөлмелері қарастырылған. Сондай-ақ балалардың шығармашылық дамуына арналған еңбекке баулу, музыка, шаштараз, аспаздыққа үйрететін кабинеттер де бар. Қазіргі заманғы санитариялық, құрылыс және білім беру стандарттарына толық сәйкес келеді.
    Облыс әкімінің балалар орталығына барып, Наурызда жас өрендермен бірге болуы оларға үлкен үміт пен болашаққа деген зор сенім сыйлады.

    Ерзат АСЫЛ

    Соңғы жаңалықтар

    Әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
    27.03.2026
    Қазақстанда ауылдық елді мекендерге арналған FWA желісінің іске қосылуы көрсетілді
    27.03.2026
    Баспанамен қамтылды
    27.03.2026
    Қарадаладағы той
    27.03.2026
    Бұлақ көрсең, көзін аш!
    27.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>