☀️
8°C
Қонаев
Жұма, Наурыз 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ынтымақ – елдің ырысы

    27.03.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Ынтымақ – елдің ырысы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Наурыз мейрамын тойлау елімізде жыл сайын кеңінен қанат жайып, жаңаша сипат алуда. 2024 жылдан бастап ел көлемінде Ұлыстың ұлы күнін мерекелеудің жаңа тұжырымдамасы бекітіліп, әр күні белгілі бір тақырыпқа арналған Наурызнама онкүндігі жарияланды.

    Осылайша аталған онкүндіктің әрбір күнінің маңызы айшықталып, халқымыздың ұлттық дәстүрі жаңғырып, рухани дүниесі жаңарды. Наурызнаманың бірлік пен татулықтың нышаны саналған Ынтымақ күніне орай облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Қонаев қаласының бас алаңында салтанатты шара өтті.
    Орталық алаңға келген облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жұртшылықпен бірге роботтар көрмесі мен «Жеті қазына» интерактивті жобасын тамашалады. Сонымен бірге департаменттер мен басқармалар тіккен ақшаңқан отаулардың жанында «Табалдырық аттау», «Тұсаукесер», «Қыз айттыру», «Қалжа», «Отқа май құю», «Сүйінші сұрау», «Бастаңғы», «Бесікке салу», «Сүйек жаңғырту», «Беташар», «Ат қою», «Ақсүйек», «Тоқымқағар», «Төс қағыстыру», «Құйрық-бауыр асату» секілді халқымыздың салт-дәстүрі кеңінен насихатталған көз сүйсінтер көркем көріністерге куә болды.
    «Төрлет, Әз-Наурыз» мерекелік шарасы басталғанын хабарлаған қос жүргізушінің дауысы естілісімен алаңға жиналған алқалы жұрттың бар назары сахнаға ауды. Бағзы замандардан халқы­мызбен бірге жасасып келе жатқан салт-дәстүріміз дәріптелген «Наурыз нұры» тебіреністі көрінісі мерекеге сай әсем безендірілген сахнаны одан бетер құлпырта түсті.
    Мінбеге көтерілген аймақ басшысы жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.
    – Бүгінгі мереке – халқымыздың бай мәдениеті мен ізгі дәстүрінің терең мәнін, ұлылығы мен сабақтастығын айшықтайтын ұлық мейрам. Игі дәстүрді жаңа мазмұнмен байыту мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мерекесі жаңаша сипатқа ие болды. Мейрамды бір күнмен шектемей, мазмұнын кеңейтіп, «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында онкүндік мерекеге айналдыру – ұлттық құн­дылық­тарды дәріптеудің жарқын көрінісі. Соның нәтижесінде бүгін біз осы Наурызнама аясындағы маңызды күндердің бірі – «Ынтымақ күнін» атап өтудеміз. Айтулы күнге орай еліміздің барлық өңірінде этноауылдар бой көте­ріп, жәрмеңкелер ұйымдастырылып, халықтық мәдени және спорттық іс-шаралар кеңінен өткізілуде. Наурыз – тек рухани жаңғыру ғана емес, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын кезең. Жыл басы алға қойылған мақсаттарды айқындап, тың бастамаларға серпін береді, – деген аймақ басшысы өңірде атқарылып жатқан игі істерге де тоқталды.
    Бұдан соң Марат Елеусізұлы жылдағы үрдіс бойынша Наурыз мейрамын мерекелеу құрметіне орай еңбегімен танылып, ел дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттады. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Еңбекшіқазақ ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ержан Әмірдинов, Іле аудандық мәслихатының төрағасы Мұхит Кәрібаев, облыс әкімі аппаратының басшысы Мұрат Мәдіғұлов, Жамбыл аудандық орталық ауруханасының дәрігері Доғдыргүл Молдақалықова, Қарасай ауданындағы «Тәуекел-Н-Алғабас» серіктестігінің директоры Рүстем Өтембаев «Құрмет» орденімен наградталса, тағы бірқатар азамат «Ерен еңбегі үшін» медалі мен «Аймаққа еңбегі үшін» төсбелгісін кеудесіне тақты.
    Ұлық күнді мерекелеу одан әрі Роза Рымбаева, Нұрболат Абдуллин бастаған белгілі эстрада әншілері мен облыс өнерпаздарының концертіне ұласты. Олар дүйім жұртты өнердің кәусар бұлағынан сусындатып, мерекенің сәнін кіргізіп, ажарын айшықтай түсті.
    Департаменттер мен басқармалар тіккен киіз үйлерде арнайы шақырылған меймандар, еңбек ұжымдарының қызмет­керлері, қала тұрғындары мен қонақ­тары наурызкөже мен мерекелік дастар­қаннан дәм татты.
    Наурыз мейрамын мерекелеу аясында Қонаев қаласындағы Бердібек Соқпақбаев атындағы орталық саябақта облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен жарыс өтті. Мақсаты – ұлттық спорт түрлерін насихаттау және дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау, дәстүрлі ойындар мен жарыстарға халықтың қызығушылығын арттыру.
    Асық ату, бес асық, дәстүрлі садақ ату, қазақ күресі, ләңгі ойыны, тоғызқұмалақ, шахмат, армрестлинг, гир спорты түрлерінен өткен жарысқа облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары қатысты. Ойындар өтіп жатқан жерде көрермендер қарасы мол болды. Бұл жарыс Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралардың жарқын бөлігіне айналды.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Қонаев қаласы

    Соңғы жаңалықтар

    Әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
    27.03.2026
    Қазақстанда ауылдық елді мекендерге арналған FWA желісінің іске қосылуы көрсетілді
    27.03.2026
    Баспанамен қамтылды
    27.03.2026
    Қарадаладағы той
    27.03.2026
    Бұлақ көрсең, көзін аш!
    27.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>