☀️
8°C
Қонаев
Жұма, Наурыз 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Бұлақ көрсең, көзін аш!

    27.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Бұлақ көрсең, көзін аш!
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Наурызнама онкүндігі аясында елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» бастамасы қоғамда экологиялық жауапкершілікті күшейтудің нақты көрінісіне айналды. Әсіресе, Тазару күні аясындағы шаралар табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікті қайта жаңғыртуға бағытталған. Алматы облысында бұл игі іс Еңбекшіқазақ ауданынан басталып, көпшілік қолдауына ие болды.

    Түрген шатқалындағы Киелі бұлақ маңына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, «Қазсушар» РМК бас директорының міндетін атқарушы Әнуар Өскенбаев, «Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалының қызметкерлері, Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының мамандары, «Аймақтық гидро­геологиялық-мелиорациялық орталық» РММ өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, еріктілер, оқушылар мен жастар, сондай-ақ су шаруашылығы мамандықтары бойынша білім алып жатқан 70-тен астам студент жиналып, «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында аумақты қоқыстан тазартты. Ағаш көшеттерін отырғызып, алаңды көгалдандыруға үлес қосты.
    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев: «Біз бүгін ата-бабамыздан қалған «Бұлақ көрсең, көзін аш!» деген асыл аманатты жүзеге асыру мақсатында жиналып отырмыз. Су – тіршілік көзі. Жеріміздің берекесі мен ырысы. Әсіресе көптеген елдімекені тау етегінде орналасқан Алматы облысы үшін әрбір бастау мен бұлақ стратегиялық маңызға ие. Бүгінгі таңда тіршілік нәрін үнемдеу және оларды таза ұстау – мемлекеттік деңгейдегі өзекті мәселе. Осы шарада бізбен бірге иық тіресе еңбектенген өңір тұрғындарының белсенділігі қуантады. Бұл жұмыстар тек бір күндік науқанмен шектелмейді. Біз әрбір бұлақтың басын қоршап, ағаш отырғызып, санитарлық жағдайын бақылауда ұстауымыз керек», – деді.
    «Қазсушар» республикалық мемле­кеттік кәсіпорнының бас директоры Әнуар Өскенбаев дәстүрді түрде өткізілетін акция биыл кең ауқымда ұйымдастырылғанын айтып, суды үнемдеу, табиғатты қорғау ортақ жауапкершілік екенін жеткізді.
    Табиғи су көздерін сақтау және оларды қайта жаңғырту жұмыстарын кеңінен насихаттау, қоғамда эколо­гиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын кеңінен ілгерілетуді мақсат еткен бұл игі іс Еңбекшіқазақ ауданының бірқатар ауылында жалғасын тапты.
    Еңбекшіқазақ ауданы Еңбек ауылында ағып жатқан бұлақ шамамен 70-80 жыл бұрын пайда болған. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары оны ауызсу ретінде пайдаланады. «Мөлдір бұлақ» акция барысында бұлақтың айналасы қоршалып, абаттандыру жұмыстары толық жүргізілді. Ағаштардың түбі әктеліп, жаңа ағаш көшеттері отырғызылды.
    Малыбай ауылынан 3 шақырым қашықтықта, таудың етегінде орна­ласқан Шилібастау бұлағы шамамен 25-30 жыл бұрын пайда болған. Қазіргі уақытта халық оны негізінен мал суару мақсатында пайдаланады. Шилі бастау бұлағының да арнасы мен айналасын жергілікті тұрғындар мен еріктілер толық тазартып, тұмса табиғаттың тамаша қалпын сақтауға өз үлесін қосты.
    Қаражота ауылдық округінде, Шелек ауылынан 3 шақырым шалғай жерде «Диірмен бұлақ» деген су көзі бар. Көнекөз қариялардың айтуынша, 1970 жылдары бәйтерек ағашы түбінен су пайда болған. Диірмен қызметкерлерінің біреуі осыны байқап көзін ашқан. Кеңес одағы кезеңінде осы жерге бидай дәндерін әкелген халықтар осы бұлақтың суын ішуге пайдаланған. Қазіргі таңда осы өңірде орналасқан елдімекендердің тұрғындары жолдың бойынан арлы-берлі өткенде ат басын бұрып, ауызсу ретінде де, мал суару үшін де пайдаланады. Сондықтан мұнда да тазарту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Тауқаратұрық ауылынан 3 шақырым жерде жатқан Құртты бұлағы бар. Ол таудың жоғарғы бөлігіндегі Тамшы бұлағынан бастау алады. Суы тұзды, халық оны негізінен мал суаруға пайдаланылады. «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында Құртты бұлағы да толық тазартылды.
    Аталмыш акция Алматы облысында кең көлемде ұйымдастырылып, өңір­дің табиғи су көздерін сақтау мен жаң­ғыртуға бағытталған игі іске 1500-ге жуық адам қатысып, 300-ден астам ағаш көшеті отырғызылды.
    Тазартылған бұлақтар – жергілікті халық үшін ерекше маңызға ие табиғи нысандар. Бұл су көздерін тұрғындар ауыл шаруашылығы үшін де, мал суару үшін де, ауызсу ретінде де пайдаланып отыр. Осы орайда «Мөлдір бұлақ» сынды акцияларды тек бір реттік науқан ретінде өткізіп қоймай, оны әрбір азамат күнделікті өмір салтына айналдыруы маңызды. Өйткені бүгінгі күнде эколо­гиялық мәдениетті қалыптастыру – уақыт талабы. Табиғатты қорғау тек мемлекеттік саясаттың бір бөлігі ғана емес, әр азаматтың борышы.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
    27.03.2026
    Қазақстанда ауылдық елді мекендерге арналған FWA желісінің іске қосылуы көрсетілді
    27.03.2026
    Баспанамен қамтылды
    27.03.2026
    Қарадаладағы той
    27.03.2026
    Бұлақ көрсең, көзін аш!
    27.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>