☀️
8°C
Қонаев
Жұма, Наурыз 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Баспанамен қамтылды

    27.03.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Баспанамен қамтылды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға ерекше көңіл бөліп, «Мемлекет – халық үшін жұмыс істеуі тиіс. Азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру, өңірлерді тең дамыту, елдімекендердегі инфрақұрылым мен тұрғын-үй мәселесін шешу – бұл басым бағыттарымыздың бірі», – деген. Осыған орай, Кеген ауылында әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін салынған 72 тұрғын үйдің 12-сі иелеріне табысталды.

    Салтанатты шараға Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы, аудан прокуроры Алмат Данилов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғыс Тұрсынов, мекеме басшылары мен тұрғындар қатысты. Баспаналар «Отбасы банк» арқылы үй кезегінде тұрған азаматтарға берілді.
    Аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев жаңа үй иелеріне ізгі тілегін білдірді.
    – Баспана – әрбір отбасының асыл арманы. Мемлекетіміздің әлеуметтік бағыттағы саясаты аясында бой көтерген тұрғын үйлердің кілтін иелеріне табыстау – сол арманның ақиқатқа айналғанының жарқын көрінісі. Соңғы алты жыл ішінде өңірде 101 үй пайдалануға берілді. Бұл – ауданымыздағы тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған нақты әрі нәтижелі жұмыстың көрсеткіші, – дей келе жаңа шаңырақтың салынуына үлес қосқан мердігер «Компания Строй индустрия» ЖШС-ның директоры Самат Қанатұлына, құрыш білекті құрылысшыларға аудан тұрғындары атынан шынайы ризашылығын жеткізіп, баспана бақытына кенелген жандарға үйлерінің кілтін табыс етті.
    Бұдан соң аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы, аудан прокуроры Алмат Данилов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғыс Тұрсынов, аудандық аналар кеңесінің төрағасы Бақытгүл Көнеева ресми түрде жаңа тұрғын үйлердің лентасын қиды.
    Алдағы уақытта да тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
    27.03.2026
    Қазақстанда ауылдық елді мекендерге арналған FWA желісінің іске қосылуы көрсетілді
    27.03.2026
    Баспанамен қамтылды
    27.03.2026
    Қарадаладағы той
    27.03.2026
    Бұлақ көрсең, көзін аш!
    27.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>