⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Наурыз 28, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа визит-орталығы ашылды

    28.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Туризм және саяхат
    Жаңа визит-орталығы ашылды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    “Іле Алатауы” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылғанына биыл – 30 жыл. Аталған айтулы датаға орай парк аумағындағы Бұтақты шатқалында жаңа визит-орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры Елнұр Ахметов қатысты. 

    Аталған нысан – «Туранга Групп» компаниясы мен ұлттық парк бірлесе салған алтыншы орталық. «Бұтақты» кешені ақпараттық стенд, дәріс залы, кәдесый дүкені, тамақтану орны, ойын алаңы және террасалармен қамтылған. Ал орталық аумағына электр желілерін тартуға Алматы қаласының әкімдігі қолдау көрсеткен. Қазіргі заманғы стандарттар бойынша құрылған орталық келушілерге ұлттық парктің қызметі туралы қажет ақпаратты ұсынады. Жаңа «Бұтақты» визит-орталығы экологиялық білім беру, мәдени іс-шаралар, шеберлік сабақтары мен тимбилдингтер өткізуде заманауи алаң болып саналады. Ол арқылы туризм мен экологиялық мәдениетті насихаттауға да үлкен үлес қосылмақ.

    ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев өз сөзінде орталық тәулігіне жүздеген адамды қабылдай алатынын, 20 адамға жұмыс орны ашылғанын, сондай-ақ Үлкен Алматы көлінде тағы бір заманауи визит-орталығын салу жоспарланып жатқанын айтты. «Визит-орталықтардың отандық туризмді дамытуда маңызы зор. Өйткені аталған орталықтар – саяхатшылардың өңірмен алғашқы байланыс орнататын орны. Орталықтар туристерге жергілікті жерді бағдарлап, ең тиімді бағытты таңдауға, белсенді демалыс пен мәдени іс-шаралар туралы білуге көмектеседі. Осылайша, қонақтарға қолайлы жағдай жасалады. Бұл олардың елімізге қайта оралуына ықпал етеді. Мұнда көлік қатынасы, тамақтану және орналастыру орындары бойынша кеңес алуға, сондай-ақ туристік карталар мен басқа да ақпараттық материалдарды тегін пайдалануға болады. Кеңес қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі. Бұл орталықтың қызметін шетелдік туристер де еркін пайдалана алады. Бүгінде визит-орталықтар Қазақстандағы туризмді жүйелі дамыту құралдарының біріне айналып келеді», – деді Данияр Ғалымұлы.

    Жаңа инфрақұрылымдардың көптеп іске қосылуы ұлттық парктерге келушілердің қатарын молайтқан. Айталық, 2019 жылы Іле Алатауына 300 мыңнан астам турист қадам басса, бұл көрсеткіш 2025 жылы 950 мыңға жеткен. «Ұлттық парк 1996 жылы 8 туристік бағытпен өз жұмысын бастаған болатын. Бүгінде олардың саны 46-ға дейін артып, келушілерге әртүрлі бағыт бойынша сапалы туристік қызмет көрсету мүмкіндігі қалыптасты. «Ең танымал бағыттар қатарында Үлкен Алматы көлі, Аюсай визит орталығы, Ой-Қарағай, Түрген сарқырамалары, Есік көлі, Қаскелең және Ақсай, Бутаковка шатқалдары бар. Аталған нысандар жыл сайын мыңдаған туристі қабылдап, аймақ туризмінің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Биыл 30 жылдыққа байланысты 30 іс-шара ұйымдастырып жатырмыз. Қазір Ұлттық табиғи парктің аумағында 94 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Жалпы 1,5 млн-ға дейінгі турист қабылдауға дайынбыз. Сонымен қатар алдағы үш жыл ішінде ұлттық парк аумағын кеңейту және туризм саласын дамыту мақсатында тағы 30 жаңа бағыт ашу жоспарлануда. Бұл бастамалар туристік инфрақұрылымды жетілдіруге, экологиялық туризмді дамытуға, келушілерге қолайлы жағдай жасауға және табиғи ортаны сақтай отырып, тұрақты туризм қағидаттарын енгізуге бағытталған»,– деді «Іле Алатауы» МҰТП бас директоры Елнұр Мұхамеджанұлы.

    Ерзат АСЫЛ

    Соңғы жаңалықтар

    Есік қаласында сенбілік өтті
    28.03.2026
    Алматы облысы «Жер сағаты» акциясына қатысады
    28.03.2026
    Жаңа визит-орталығы ашылды
    28.03.2026
    Іле ауданында ауқымды сенбілік өтті
    28.03.2026
    Жастар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті
    28.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>