Құрметті абоненттер!
Қонаев қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының, оның ішінде «Табиғи монополиялар туралы» және «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңдарының талаптары негізінде, Қонаев қаласы әкімдігінің «Жылу Орталығы» ШЖҚ МКК 2026 жылғы 17 наурыз бен 01 қазан аралығында жылумен жабдықтау қызметтерін тұтынушылардың есептік деректер базасын өзектендіру (жаңарту) жұмыстарын жүргізуде.
Өзектендіру жүргізудің негізі:
жылжымайтын мүлік объектілерінің меншік иелері туралы нақты мәліметтерге сәйкес абоненттер базасын ретке келтіру, жылумен жабдықтау қызметтері үшін есептеулердің дұрыстығын қамтамасыз ету, сондай-ақ есеп айырысулардағы қателіктер мен сәйкессіздіктерді болдырмау.
Мақсаты:
тұтынушылар туралы мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ету және жылумен жабдықтау қызметтері бойынша есептеулердің нақтылығын арттыру.
Осыған байланысты, Сізден:
пәтер, үй немесе өзге де үй-жай бойынша өзекті мәліметтер мен растайтын құжаттарды ұсынуыңызды сұраймыз.
Сізді өзіңізге ыңғайлы уақытта келесі мекенжай бойынша орналасқан абоненттік бөлімге жүгінуге шақырамыз:
Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, 35.
Жұмыс тәртібі:
08:00 – 17:00
үзіліс: 12:00 – 13:00
сенбі, жексенбі – демалыс күндері
Ұсынылған мәліметтерді өңдеу үшін жеке деректерді жинауға және өңдеуге жазбаша келісім беру қажет.
Қажет болған жағдайда, өз учаскеңіздің (шағын ауданның) бақылаушысымен байланыса аласыз.
Назарларыңызға саламыз: өзекті мәліметтерді ұсынбау жылумен жабдықтау қызметтері үшін есептеулердің дұрыстығына әсер етуі мүмкін.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз.
Құрметпен,
Қонаев қаласы әкімдігінің
«Жылу Орталығы» ШЖҚ МКК




