⚠️ Ауа райы табылмады.
Дүйсенбі, Наурыз 30, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    АУҚЫМДЫ АКЦИЯ БАСТАЛДЫ

    30.03.2026
    in Барлық жаңалықтар
    АУҚЫМДЫ АКЦИЯ БАСТАЛДЫ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында облыс көлемінде сенбілік өтті. Барлық аудан мен қалада ұйымдастырылған тазалық шарасына 30 мыңға жуық адам қатысты.

    Сенбілікте бейберекет шашылып жатқан қалдықтар жиналып, арнайы техниканың көмегімен қоқыс төгетін орындарға жеткізілді. Сонымен қатар ағаштардың түбі әктеліп, 5640 түп тал отырғызылды, 45 гектар аумақ күл-қоқыстан тазартылып, 12 тонна қоқыс шығарылды.
    Осы күні Қонаев қаласында ағаш отырғызу бойынша ауқымды акция бастау алды. Мақсаты – қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, көгалдандыру жұмысын жүргізу және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру. Облыс орталығындағы 300-ден астам адам қатысқан игі шара Қонаев қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Базарбай Оралбаевтың ақ батасымен басталды. Өз кезегінде сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы мұның тек ағаш отырғызу күні ғана емес, туған жерге деген сүйіспеншіліктің, елге деген жанашырлықтың және келер ұрпақ алдындағы азаматтық парызымыздың жарқын көрінісі екенін айтты.


    – Бүгінгі шараға жиналған қауымның бірлігі мен белсенділігі – ел болашағына деген ортақ жауапкершіліктің және жоғары азаматтық ұстанымның айқын дәлелі. Табиғатты қорғау, әрбір отырғызылған ағаш – болашаққа қалдырылған аманат, – деген облыс әкімінің орынбасары көпшілікті осы игі іске белсене атсалысып, туған жердің гүлденуіне үлес қосуға шақырды.
    Қонаев қаласының С.Сейфуллин көшесіне қарағай мен көктерек көшет­терін отырғызу шарасына әкімдік, департаменттер мен басқармалар қызметкерлері, облыстық мәслихат депутаттары, ҚХА өкілдері, еңбек ардагерлері, қоғамдық кеңес мүшелері, жастар, еріктілер бір кісідей атсалысты.
    Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының мәліметіне сүйенсек, алдағы уақытта бұл игі бастама жалғасын тауып, қалада 20 000 ағаш отырғызу жоспарлануда. Соның ішінде Сейфуллин көшесі бойына 3 мың түп тал егіледі.
    Аталған бастамаға қолдау көрсету мақсатында барлық аудан мен Алатау қаласының аумағында да жасыл желек­терді отырғызу және санитарлық тазалық жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Қонаев қаласы

    Соңғы жаңалықтар

    Шаруалар еңбегі еселенді
    30.03.2026
    Визит орталығы ашылды
    30.03.2026
    Басты мақсат – ашықтықты қамтамасыз ету
    30.03.2026
    Табиғатқа жанашырлық – тәрбиеден!
    30.03.2026
    Заманауи спорт кешені
    30.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>