⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Сәуір 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Есірткіге жол жоқ!

    01.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Есірткіге жол жоқ!
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Еңбекшіқазақ ауданында «Жастар есірткіге қарсы» атты акция өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімі мен жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға Есік жоғары медицина колледжінің студенттері, еріктілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

    Қазіргі қоғамдағы үлкен індеттің бірі – нашақорлық. Әсіресе, осынау теріс жолға түсетін оң-солын танып үлгермеген жастар екені баршаға аян. Осы орайда жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, есірткінің адам өмірі мен денсаулығына, психикасына, жалпы қоғамға тигізер зияны, оларды таратқаны және қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы маңызды мәселелерді жан-жақты түсіндіру мақсатында жастармен өткен кездесудің мәні зор.
    Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз ойларын еркін білдіріп, мамандарға көкейдегі сұрақтарын қойды. Еңбекшіқазақ ауданы жастар ресурстық орталығының психолог маманы Әйгерім Ербақытқызы, Еңбекшіқазақ ауданы көпсалалы ауруханасының бөлім маманы Арухан Нысанбаева, нарколог Елена Попова және құқық қорғау органының қызметкерлері жастардың әр сауалына толыққанды жауап беріп, қосымша мәліметтермен бөлісті.
    Акция аясында қатысушыларға арнайы ақпараттық парақшалар таратылып, бейнеүзінді көрсетілді. Мұндай іс-шаралар жастардың дұрыс таңдау жасауына ықпал етеді. Себебі есірткіге қарсы күрес – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әсіресе жасөспірімдер мен жастардың бұл мәселеге бейжай қарамауы аса маңызды.
    Аталған акция жастарға салауатты өмір салтын таңдауға бағыт-бағдар беріп, олардың бойында жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, қоғамда есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыруға өз үлесін қосары сөзсіз.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

     

     

    Соңғы жаңалықтар

    Саябақ салынады
    01.04.2026
    Татулығы жарасқан
    01.04.2026
    Есірткіге жол жоқ!
    01.04.2026
    Қазақ тіліндегі корей оқулығы
    01.04.2026
    Мемлекеттік қызметкерлерге арналған маңызды семинар өтті
    01.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>