☀️
20°C
Қонаев
Жұма, Сәуір 3, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Белсенділер марапатталды

    03.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Белсенділер марапатталды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қонаев қалалық Мәдениет үйінде жаңа Конституцияны қолдау мақсатында құрылған жалпыұлттық коалиция мүшелерін марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті.

    Шарада сөз алған «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Серік Нұрқадыров жаңа Конституция жобасын насихаттауда қоғам белсенділерін, этномәдени орталықтардың мүшелерін және саяси партиялар өкілдерін біріктірген коалиция орасан зор жұмыс атқарғанын атап өтті.
    – Алматы облысында науқан барысында коалицияның 12 штабы жұмыс істеді. Ең беделді азаматтардың ішінен 331 аймақтық коалиция мүшесі және 600 белсенді таңдалып, олар тұрғындармен 500-ден астам кездесу өткізді. Бұл маңызды істің басты нәтижесі облыс тұрғындарының дауыс беруде жоғары көрсеткіш көрсеткені ғана емес, мемлекетіміздің саяси жүйесін жаңарту идеясы төңірегінде бүкіл қоғамның шоғырлануы болды, – деді Серік Нұрқадыров.
    Бұдан соң еліміздің саяси жүйесіне сіңірген ерекше еңбегі үшін облыстық мәслихаттың депутаты Сұлтан Нұрдәулетовке, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Қазыбек Дәуітәлиевке және «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Аслан Көбентаевқа «Алтын барыс» төсбелгісін табыс етті. Сондай-ақ бірқатар қоғамның белсенді өкілдеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын тапсырды. Бұл қатарда облыстық «Алатау арайы» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Қуаныш Тұнғатар мен «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Забира Сайділдина бар.
    Марапатталғандардың арасында белгілі қоғам қайраткерлері де, коалицияның жастар қанатының өкілдері де болғанын атап өткен жөн. Жастар бүгінгі заман талабына сай еліміздің негізгі заң жобасын әлеуметтік желілерде белсенді насихаттаса, аға буынның бай тәжірибесі Конституция тетіктерін сауатты талдап, халыққа жеткізуде жоғары басымдыққа ие болды. Осылайша облыстық штабта бір-бірін толықтырған саяси күш жұмыс атқарды.
    Шара соңында облыстың белсенді азаматтары сөз алып, алдағы уақытта да еліміздің дамуына үлес қосып, оң өзгерістердің ортасынын табылатынын жеткізді. Жаңа Конституция негізінде тәуелсіз мемлекетіміздің жаңаша бағыт алып, азаматтардың заңдық тұрғыда қорғалатынына сенім білдірді. Осылайша ортақ мақсат жолында бірлесе еңбек еткен жандар лайықты марапатталып, атқарылған үлкен істің шарапатын сезінді.

    Алма ЕСЕНБАЙ

    Соңғы жаңалықтар

    ЕРЛІК ЕЛ ЕСІНДЕ
    03.04.2026
    Дала төсі дүбірлі
    03.04.2026
    Шаһарды аралады
    03.04.2026
    Белсенділер марапатталды
    03.04.2026
    Бір отбасы үйлі болды
    03.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>