☀️
19°C
Қонаев
Жұма, Сәуір 3, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Шаһарды аралады

    03.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Шаһарды аралады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қонаев қаласы заман талабына сай өркен жаюда. Облыс орталығы мәртебесін алған төрт жылға жуық уақытта көптеген игілікті іс қолға алынды. Қала жаңа келбетке еніп, көпқабатты үйлер тұрғызылуда, жағажайлар да қайта жаңғыра түскен. Шаһардың ары қарайғы дамуы мен инфрақұрылым нысандарының жағдайымен танысу мақсатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов бірқатар нысанға барып қайтты.

    Қанат Болатұлы алғашқы кезекте «Көшпенділер қалашығына» табан тіреді. Туристер санының артуына байланысты ондағы қауіпсіздік шараларын күшейту, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету жайына мән берді. Сондай-ақ жауапты мамандарға тұрақты полиция және медициналық пункттер орналастыруды тапсырды.
    Бұдан кейін солтүстік жағалауға барып, жедел-құтқару жасағының жұмысымен танысты. Төтенше жағдай қызметі өкілдерінің мәліметінше, бөлімшенің материалдық-техникалық базасы толық жаңартылған. Түнгі уақытта ұшуға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттары, су көліктері, сондай-ақ заманауи сүңгуір жабдықтары бар. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар есебінен қосымша гидроскутерлер сатып алу мәселесі қарастырылуда.
    Сапар барысында солтүстік жаға­лаудағы коммунал­дық жағажайды жаңғырту жобасы да қаралды. Әкімнің бірінші орынбасарына тиісті жоба таныстырылып, нәтижесінде жауапты мамандарға қысқа мерзім ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарына кірісу тапсырылды. Сонымен қатар Қанат Есболатов №6 және №7 жағажайларда болып, қазіргі таңда қарқынды жүргізіліп жатқан құрылыс жұмысымен танысты. Жоба аясында көше жарығы тіректерін ауыстыру, бейнебақылау жүйелерін орнату, қоқыс жәшіктері, балалар және спорт алаңдары, санитарлық тораптар, шағын бизнес нысандары мен көлеңкелі шатыр орнату, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды жаңарту көзделген.
    Жағалау маңында орын тепкен Қонаев шаһарының болашағы зор. Оны жыл сайын қалаға ағылған туристер легінен-ақ білуге болады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы жағдай жасау – облыс, қала басшылығының күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе.

    Алма ЕСЕНБАЙ

    Қонаев қаласы

    Соңғы жаңалықтар

    ЕРЛІК ЕЛ ЕСІНДЕ
    03.04.2026
    Дала төсі дүбірлі
    03.04.2026
    Шаһарды аралады
    03.04.2026
    Белсенділер марапатталды
    03.04.2026
    Бір отбасы үйлі болды
    03.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>