☀️
16°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 6, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Ауыл шаруашылығы

    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА САҚМАН БАСТАЛДЫ

    06.04.2026
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА САҚМАН БАСТАЛДЫ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматы облысында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Ата кәсіптің өркендеуіне жер жағдайы мен ауа-райы да өте қолайлы. Өңірде мал басы бойынша Жамбыл ауданы бірінші орында тұр. Қазір мұнда сақман басталып кетті, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Дүйсеналы Еңкелешовтың айтуынша, биыл 23 ауылдық округте 588 мыңнан астам саулық қой тіркелген. Оның 18500-і ауыл шаруашылық құрылымдарына, 455 мыңнан астамы шаруа қожалықтарына, 113800-і жеке тұрғындарға тиесілі. Биыл Жамбыл ауданындағы шопандар төлден шашау шығармай, жарты миллионнан астам (530 000 мың) қозы алуды жоспарлап отыр. Ол үшін 295 000 тонна шөп, 48 000 тонна жем азығы дайындалған.

    «Жыл сайын Жамбыл ауданындағы мал басы 5-10 пайызға артып келеді. Былтыр қой саны 1 млн 95 мың болса, биыл 1 млн 102 мыңға жетті. Төрт түлікті асылдандыру жұмысы тыңғылықты жүріп жатыр. Ауданда қазіргі таңда 260 мың бас асыл тұқымды қой бар. Негізгісі – қазақтың қылшықты, биазы және жартылай биазы жүнді қойлары. Жалпы санына шаққандағы үлесі – 18,6 пайыз. Оның 164 мыңы – саулық. Ендігі жоспар бұл көрсеткішті 30 пайызға жеткізу», – деді маман.

    Шопандардың айтуынша, биылғы қыс төрт түлікті өте жайлы болыпты. Мәтібұлақ, Талап, Үңгіртас, Ұзынағаш, Жамбыл, Теміржол, Қарасу, Айдарлы, Бозой, Сарытауқұм, Үлгілі ауылдық округінің шаруалары ақпан айының орта шегінен мал төлдететін қора-жайларына көшіп келген. Солардың бірі – Алмат Әлжанов. Ол өткен жылы 500 бас асылтұқымды гиссар қойын алып, шаруашылығын бастаған. Алдағы уақытта қой санын 3000-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Мемлекет тарапынан бөлінетін субсидияға да өтініш беріпті.

    Айта кетейік, елімізде мал шаруашылығының дамуына ерекше көңіл бөлінген. Еті, сүті мен жүніне, мал бордақылау ісіне де жеңілдіктер қарастырылған. Әсіресе мал асылдандыруға ерекше қолдау көрсетіледі. Алматы облысында да бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде.

    Соңғы жаңалықтар

    Қызу еңбекке кірісті
    06.04.2026
    90 жылдыққа – 9000 ағаш!
    06.04.2026
    ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНДТЕРМЕН ТАНЫСТЫ
    06.04.2026
    Аймақ абыройын асырды
    06.04.2026
    Жерлестер жеңіс тұғырында
    06.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>