⚠️ Ауа райы табылмады.
Дүйсенбі, Сәуір 6, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Ауыл шаруашылығы

    Қызу еңбекке кірісті

    06.04.2026
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Қызу еңбекке кірісті
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Жамбыл ауданының шаруалары мен малшылары қыстың қамытынан шығып, көктемгі қарбалас тірлікке кірісіп кетіпті. Жұмыс барысымен тереңірек танысу үшін ең алдымен Қарақыстақ ауылындағы «Сүйінбай» шаруа қожалығының егіс алқабына табан тіредік. Биыл ауа райының қолайлы болуының арқасында дала жұмыстары ертерек басталыпты.

    Қарақыстақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Әлібек Жекеннің айтуынша, ауылда барлығы 100 шаруа қожалығы бар. Оның 50-і егін егумен айналысады. «Барлығы 5 000 гектар егістік жер бар. Оның 2000 гектары «Сүйінбай» шаруашылығына тиесілі. Қазір онда 1000 гектар жерге жаздық арпа себілуде. Ауылымызда 60-қа жуық техника дала жұмыстарына жұмылдырылған. Жиналған өнім негізінен мал азығы ретінде пайда­ланылады», – деді ол.
    Жамбыл аудандық ауыл шаруашы­лығы бөлімінің бас маманы Қайрат Тойшыбековтің мәлімдеуінше, биыл аудан бойынша 106,4 мың гектар жерге дән себіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1702 гектарға көп. Оның ішінде 50 мың гектардан астам алқапқа дәнді дақыл, 46 мыңнан астамына мал азығы, 5500 гектар жерге майлы дақылдар және қалған аумаққа картоп, көкөністер мен бақша дақылдары егіледі. Көктемгі егіс науқанында 1065 техника жұмыс істеуде. Оның 75 пайызы жаңартылған.
    – Топырақ құнарын арттыру үшін барлық егіс алқабына 13,6 мың тонна минералды тыңайтқыш керек. Қазіргі таңда оның 4200 тоннасы сатып алынды. Биыл аудан бойынша 13,3 мың тонна тұқым себіледі. Сондай-ақ қазіргі таңда тұқым өндіру бағыты бойынша жұмыстар қолға алынуда. Мысалы, Бозой ауылының шаруашылығы майлы дақыл мен жүгерінің тұқымын өндірумен айналысуды жоспарлап отыр. Құжаттарын толық рәсімдегеннен кейін іске қосылады, – деген агроном арзандатылған жанар-жағармай алу жайына да тоқталды. Айтуынша, биылғы көктемгі және күзгі дала жұмыстары үшін 46 шаруадан жалпы көлемі 751 тонна дизель отынына өтінім түскен. Шаруалар қажетті жанармайды нарықтағы бағадан әлдеқайда арзанға сатып алады.
    Шаруашылық иелері тамшылатып және жаңбырлатып суару техноло­гиясын пайдалануға бет бұрып келеді. Ауданда барлығы 22 мың гектар суармалы жер бар болса, бүгінде оның тең жартысына су үнемдеу технологиясы енгізілген. Биыл тағы 1500 гектар аумақ қосылады деп жоспарлануда. Ол үшін мемлекеттен арнайы субсидия бөлінеді.
    Облыс бойынша мал басы жағынан Жамбыл ауданы бірінші орында тұр. Қазір онда сақман басталған.
    Шопандардың айтуынша, биылғы қыс төрт түлікке өте жайлы болыпты. Мәтібұлақ, Талап, Үңгіртас, Ұзынағаш, Жамбыл, Теміржол, Қарасу, Айдарлы, Бозой, Сарытауқұм, Үлгілі ауылдық округінің шаруалары ақпан айының орта шегінен мал төлдететін қора-жайларына көшіп келген. Солардың бірі – «Аяла» шаруа қожалығының иесі Алмат Әлжанов. Өткен жылы 500 бас асылтұқымды гиссар қойын сатып алып, шаруашылығын бастаған. Алдағы уақытта қой санын 3000-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ ірі қараны бордақылау жұмысын да қолға алмақ.
    Жамбыл аудандық ауыл шаруашы­лығы бөлімінің маманы Дүйсеналы Еңкелешов биыл 23 ауылдық округте 588 мыңнан астам саулық қой тіркелгенін айтады. Оның 18500-і ауыл шаруашылық құрылымдарына, 455 мыңнан астамы шаруа қожалықтарына, 113800-і жеке тұрғындарға тиесілі. Биыл Жамбыл ауданындағы шопандар төлден шашау шығармай, жарты миллионнан астам қозы алуды жоспарлап отыр. Ол үшін 295 000 тонна шөп, 48 000 тонна жем азығы дайындалған.
    «Жыл сайын Жамбыл ауданындағы мал басы 5-10 пайызға артып келеді. Былтыр қой саны 1 млн 95 мың болса, биыл 1 млн 102 мыңға жетті. Төрт түлікті асылдандыру жұмысы тыңғылықты жүріп жатыр. Ауданда қазіргі таңда 260 мың бас асыл тұқымды қой бар. Негізгісі – қазақтың қылшықты, биязы және жартылай биязы жүнді қойлары. Жалпы санына шаққандағы үлесі – 18,6 пайыз. Оның 164 мыңы – саулық. Ендігі жоспар бұл көрсеткішті 30 пайызға жеткізу», – деді маман.

    Гүлзат БАЙҚОНЫС

    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    АС – АДАМНЫҢ АРҚАУЫ: 6654 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
    06.04.2026
    Қызу еңбекке кірісті
    06.04.2026
    90 жылдыққа – 9000 ағаш!
    06.04.2026
    ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНДТЕРМЕН ТАНЫСТЫ
    06.04.2026
    Аймақ абыройын асырды
    06.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>