⚠️ Ауа райы табылмады.
Сейсенбі, Сәуір 7, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    АС – АДАМНЫҢ АРҚАУЫ: 6654 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

    06.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Қорғаныс
    АС – АДАМНЫҢ АРҚАУЫ: 6654 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматы облысында орналасқан 6654 әскери бөлімінде «Ас – адамның арқауы» ұранымен тамақтануды ұйымдастыру айлығы аясында маңызды дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – әскери қызметшілердің сапалы әрі теңгерімді тамақтануын қамтамасыз ету, олардың денсаулығын сақтау және асхана қызметінің жұмысын жетілдіру.

    Аталған жиынға бөлім басшылығы, тыл қызметінің мамандары, медицина қызметкерлері, сондай-ақ асхана қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар, Қонаев гарнизонының әскери прокуроры, әділет полковнигі Байманов Абзал Аманжолұлы арнайы қатысып, әскери бөлімдегі тамақтану сапасы мен заң талаптарының сақталуына қатысты өз пікірін білдірді.

    Дөңгелек үстел барысында әскери бөлімдегі тамақтануды ұйымдастыру жүйесінің қазіргі жағдайы кеңінен талқыланды. Қатысушылар азық-түлік өнімдерінің сапасы, тағам дайындау технологиясының сақталуы, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы және ас мәзірінің құнарлылығы мәселелеріне ерекше назар аударды.

    Жиын барысында әскери қызметшілердің күнделікті физикалық және қызметтік жүктемесіне сәйкес дәрумендерге бай, құнарлы тағаммен қамтамасыз етудің маңызы атап өтілді. Сонымен қатар, асханалардағы тазалық пен тәртіпті сақтау, азық-түлікті дұрыс сақтау және сапасын тұрақты бақылау қажеттігі айтылды.

    Іс-шара барысында қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, тамақтану жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты міндеттерді белгіледі. Мұндай бастамалар әскери қызметшілердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың жауынгерлік қабілеті мен қызметке деген жауапкершілігін арттыруға оң әсер етеді.

    Айта кету керек, «Ас – адамның арқауы» айлығы аясында алдағы уақытта да бірқатар тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылып, әскери бөлімдегі тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасын табады.

    Соңғы жаңалықтар

    АС – АДАМНЫҢ АРҚАУЫ: 6654 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
    06.04.2026
    Қызу еңбекке кірісті
    06.04.2026
    90 жылдыққа – 9000 ағаш!
    06.04.2026
    ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНДТЕРМЕН ТАНЫСТЫ
    06.04.2026
    Аймақ абыройын асырды
    06.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>