Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы гарнизоны әскери полиция департаментінің офицері, подполковник Н.Әбдиев пен аға сержант Е. Темешев «Алма-Арасан» шекара бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп құқықтық сауаттылықты арттыруға және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.
Жиын барысында құқық қорғау және тәртіптің өзекті мәселелері талқыланды. Ерекше назар ұрлық жасау ниетімен көлік құралын заңсыз тартып алуды қоса алғанда, кең таралған қылмыстық құқықбұзушылықтың, сондай-ақ жол-көлік оқиғасының алдын алу шараларына аударылды. Қатысушыларға кәмелетке толмағандар мен жас балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне тұрмыстық қылмыстарға қатысты соңғы түзетулер енгізілгені жан-жақты түсіндірілді.
Жеке бөлімде әскери қызметшілердің қылмыстық құқықбұзушылықтары, соның ішінде қалыптасқан мінез-құлық ережелерін бұзу, билікті теріс пайдалану және немқұрайдылық үшін жауапкершілік мәселесі қарастырылды. Рұқсат етілмеген әрекет пен қызметтік билікті теріс пайдаланудың алдын алу шараларының маңыздылығы атап өтілді. Қару-жарақ пен оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың және жарылғыш құрылғылардың заңсыз айналымына байланысты құқықбұзушылықтар да талқыланды.
Жеке құрамға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілік туралы ақпарат берілді.
Талқылау барысында бөлімшеден рұқсатсыз кетудің және қызметке келмеудің салдары, сондай-ақ сату мақсатынсыз есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын заңсыз пайдалануды реттейтін заңнама ережелері, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-бабының талаптары түсіндірілді. Іс-шара заңдылық пен тәртіпті нығайтуға, әскери қызметшілер арасында құқықтық сананы жақсартуға, қызметтегі қылмыстың алдын алуға бағытталған.
Құдайберген Райымбек,
«Алма-Арасан» шекара бөлімшесі
бастығының орынбасары, лейтенант
Қарасай ауданы




