⛅
18°C
Қонаев
Жұма, Сәуір 10, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР – САРБАЗ РУХЫНЫҢ ТІРЕГІ

    10.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс
    ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР – САРБАЗ РУХЫНЫҢ ТІРЕГІ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алатау қаласында орналасқан 6654 әскери бөлімінде сарбаздардың рухани-мәдени дамуына, тұрмыс жағдайының жақсаруына ерекше көңіл бөлінуде. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңызы зор.

    Бөлімде жүйелі түрде қазақтың дәстүрлі тағамдары – бешбармақ, бауырсақ, шелпек дайындалып, сарбаздарға ұсынылады. Бұл игі бастама жас жауынгерлердің бойына ұлттық рухты сіңіріп, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етуде. Дастархан басындағы осындай сәттер сарбаздар үшін тек тамақтану ғана емес, бірлік пен бауырмалдықты нығайтатын тәрбиелік мәні зор шараға айналған.

    Сонымен қатар, әскери бөлімде әрбір сарбаздың туған күні назардан тыс қалмайды. Күн сайын туған күні бар жауынгерлерге арнайы мерекелік дастархан жайылып, олардың қуанышты сәттері ұжыммен бірге атап өтіледі. Бұл дәстүр сарбаздардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, олардың әскери ортаға тез бейімделуіне, өздерін үлкен отбасының мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді.

    Алатау қаласындағы 6654 әскери бөлімінде жүзеге асырылып жатқан мұндай игі шаралар әскери қызметтің тек қатаң тәртіппен ғана емес, адамгершілік пен қамқорлыққа негізделгенін көрсетеді. Ұлттық дәстүр мен заманауи тәрбие ұштасқан ортада тәрбиеленген сарбаз – ел қорғаны болуға әрқашан дайын.

    Қырғызбай Альбина Қайратқызы

    Бөлініс бастығы (кітапхана бастығы) кіші сержант Қырғызбай Альбина Қайратқызы

    Соңғы жаңалықтар

    Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі»
    10.04.2026
    Солтүстік шақырады: қоныс аударушыларға қолдау көп
    10.04.2026
    Мұнай және жаһандық экономика
    10.04.2026
    Келелі мәселе көтерілді
    10.04.2026
    ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР – САРБАЗ РУХЫНЫҢ ТІРЕГІ
    10.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>