⛅
21°C
Қонаев
Сенбі, Сәуір 11, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Құрақ көрпе – үйдің сәні

    11.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Құрақ көрпе – үйдің сәні
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазақ халқы үшін құрақ-көрпе үйдің сәні ғана емес, сондай-ақ ұлттық брендіміздің көрінісі деуге болады. Бүгінгі таңда ине-жіппен кесте тігіп, шынашаққа оймағын іле жүріп ою оятын шеберлер көбейіп келе жатқанына қуанасың. Осынау өнерді кәсіп көзіне айналдырған жандар да аз емес. Солардың бірі – Қарасай ауданы Іргелі ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Әсел Молдабаева.

    Ол – еңбегімен көпке үлгі болған төрт баланың анасы. Тігіншілікпен осыдан екі жыл бұрын айналыса бастаған. Қолөнерге деген қызығушылықты оған енесі, Бәтима әже үйретіпті.
    – Мен бала кезімнен журналист болуды армандаған едім. Алайда үлкендер аталған саланың қиындығы жайлы айтып, маған басқа бағытты таңдауға көндірді. Мектепті бітіргеннен кейін жоғары оқу орнында білім алып, біраз уақыт туризм менеджері мамандығы бойынша жұмыс істедім. Бірақ тұрмысқа шығып ана атанған соң, жұмыстан бұрын бала тәрбиесіне барынша көңіл бөлдім. Үйде енемнен құрақ құрауды үйрене бастадым. Біраз уақыт тігіншіліктің негізін меңгерген соң, пішу және тігу курстарына қатыстым. Сөйтіп, енеммен бірге түрлі құрақ-көрпе тігуді қолға алдық. Алғашында тапсырыс тек туысқандар тарапынан түсетін. Кейін жасаған бұйымдарымыз көпке ұнап, тұтынушылар саны арта түсті. Осылайша шағын ісім ілгері басты, – дейді қолөнер шебері Әсел Сайлауқызы.
    Ал Әселдің енесі Бәтима Пазылова сексеннің сеңгіріне шықса да іс-қимылы ширақ. Әлі күнге қолынан ине-жібін тастамай келеді. Сенімді серігі – тігін машинасын айналдыруын тоқтатқан емес.
    Әселдің қолөнер бұйымдарына тоқталар болсақ, олардың бетінде қошқар мүйіз, құс қанаты секілді қазақтың оюы өрнектелген. Оған қоса сәтен, ранфорс секілді сапалы маталардан жасалған жатын жапқышын, түрлі-түсті матадан тігіліп, бұйымдармен әшекейленген қыздардың тақиясын да жасайды. Қалыңдыққа арналған төсек-орынның көрпе-жастығы мен жасауын да дайындайды. Шеберлердің қолынан шыққан әр бұйымнан талғампаздық пен өнерге деген сүйіспеншілікті көруге болады.
    Кәсібін кеңейту үшін Әсел былтыр «Бизнес бастау» мемлекеттік бағдар­ламасына қатысқан.
    – Грантқа қатысу туралы ойды маған Маржан есімді сіңілім ұсынды. Оның сөзіне құлақ асып, конкурсқа қатыстым. 2025 жылдың тамыз айында грант иегері атандым. Берілген қаражатқа тігін машиналары мен қажетті маталар сатып алдым. Бұл біздің жұмысымызды жеңілдетіп, сапалы әрі түрлі топтамамен өнім дайындауға мүмкіндік берді, – деді қолөнерші.
    Қазіргі уақытта Әселдің мақсаты – үйінің қасындағы шағын цехтің құры­лысын аяқтау. Оны ашқан соң барлық құрал-жабдықты сонда шығарып, адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету.
    Әңгіме соңында кәсіпкер өз бизнесін ашқысы келетін жандарға ештеңеден қорықпай, сеніммен алға жылжуға кеңес берді.
    – Бизнесті ертеңге қалдыра бермей, дәл қазір қолда бар қаражатпен іске кірісуге болады. Батылдық танытып, кәсіпті бастаса, қолөнер жерде қалмайды. Оған қоса қазіргі уақытта мемлекет тарапынан қолдау да көп, – деп сөзін түйіндеді Әсел Сайлауқызы.

    Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ
    Қарасай ауданы

     

    Соңғы жаңалықтар

    Қонаевта экопарктің негізі қаланды
    11.04.2026
    Құрақ көрпе – үйдің сәні
    11.04.2026
    Ерлік пен еңбек жолы
    11.04.2026
    Ұстаз бақыты
    11.04.2026
    Құрдың күй ойнағы
    11.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>