⚠️ Ауа райы табылмады.
Сейсенбі, Сәуір 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жұлдыздарға самғаған

    11.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Жұлдыздарға самғаған
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    12 сәуір – Ғарышкерлер және Ғылым қызметкерлері күні. Бұдан 65 жыл бұрын дәл осы күні ғарышкер Юрий Гагарин Қазақстан аумағында қоныс тепкен Байқоңыр айлағынан ғарышқа сапар шеккен. Бұл Кеңес одағы ғана емес, адамзат тарихындағы бұрын-соңды болмаған тарихи жетістік болатын. 1957 жылы қазақ жеріндегі әлемде теңдессіз ғарыш айлағынан тұңғыш ғарыш зымыраны ұшырылып, дүниежүзі бойынша ең алғашқы жердің жасанды серігі орбитаға шығарылған еді.

    1991 жылы қазан айында Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшып, түркітілдес халықтар арасындағы тұңғыш ғарышкер атанды. 1994 жылы Талғат Мұсабаев, 2015 жылы Айдын Айымбетов Байқоңырдан ғарыш көгіне самғап, ұлт мақтанышына айналды. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров әуе кеңістігіндегі ерлігі үшін Гиннесс рекордтар кітабына енген. Қазақтың екінші ғарышкері Талғат Мұсабаев үшінші сапарында америкалық миллионер Денис Титоны экипаж құрамымен бірге алып ұшып, әлемде тұңғыш рет ғарышқа саяхат жолын ашқан. Осы тұста Талғат Мұсабаевтың ғарышқа үш мәрте ұшып, онда 341 тәулік болғанын атап өткен жөн. Бұл – қазақ ғылымының тарихындағы зор жетістік. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында осы ғарышқа ұшқан қазақтың үшінші азаматы – Айдын Айымбетов.
    Қазіргі кезде ғарыш кеңістігін игеру ғылым мен технология дамуының басты бағыты болып отыр. Өйткені ғарыш пен ғылым – егіз ұғым. Сондықтан әрбір мемлекет жаңа технологияларды дамытуға ден қойып, ғарышты игеруде ғылыми әлеуетін көрсетуде. Бұл үрдістен тыс қалмауға ниеттенген Қазақстанда да жүйелі жұмыстар атқарылуда. Тәуелсіздік жылдары еліміз ғарышқа адамын ұшырған – 40, жасанды жер серігін шығарған 70 мемлекеттің қатарына қосылды. 2005 жылы құрылған жарғылық капиталы 100 пайыз мемлекет есебіндегі «Казкосмос» ұлттық компаниясы 2007 жылы «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» акционерлік қоғамы болып қайта жасақталды. Сол кезден бері бұл компания елге қызмет етіп келеді.
    Еліміздің ғарыштық байланыс жүйесін қамтитын «KazSat-2» мен «KazSat-3» телехабар тарату мен байланыс саласындағы қажеттілікті қамтамасыз етеді. Олардың көмегімен еліміздің барлық аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелерге байланыс, деректер беру қызметі мен интернет желісі ұсынылады. Кейінгі жылдары байланыс спутниктері арқылы шалғай ауыл тұрғындары үшін интернет тарату жұмысы жүзеге асырылуда.
    Қазақстан мен бірқатар мемлекеттер арасында жаңа келісімдер жасалуда. Соның кейбіріне тоқталсақ, Қазақстан мен Еуропа ғарыш агенттігі деректер алмасу туралы келісімге келді. Қытай Халық Республикасымен жаңа жерсеріктерді бірлесіп құрастыру жөнінде меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ еліміздегі жоғары оқу орындары NASA-ның ғылыми бағдарламаларына студенттерді тағылымдамадан өткізуге жіберуге мүмкіндік алды. Бұл келісімдердің Қазақстанның ғылыми әлеуетін арттыруға және жастарды халықаралық тәжірибеге тартуға жол ашатыны анық.
    Байқоңыр – әлемдегі алғашқы және ең ірі ғарыш айлағы. Ғалымдардың айтуынша, ғарыш айлағын салуға Байқоңырдың таңдалуы кездейсоқ емес. Экваторға жақын аймақ жердің айналу жылдамдығын барынша пайдалануға мүмкіндік береді. Ғарыш зымыраны бұл ендікте ұшу кезінде орбиталық жылдамдықтың қосымша 4 пайызын алады. Алдағы уақытта Байқоңыр айлағынан «Бәйтерек» жаңа ғарыш зымыран кешенін салу жоспарда бар. Бұл – ғарышты игеруге бағытталған жаңа қадам. Қазақстанның ғарыш кемесін жасауда Ресей, Франция сияқты мемлекеттермен бірлесе отырып, жетістікке жетуіне мүмкіндігі мол.
    Жыл сайын елімізде атап өтілетін Ғарышкерлер күніне орай ұйымдастырылатын іс-шараларда қазақстандық ғарышкерлердің ерліктері паш етіледі. Бұл атаулы күннің болашақ ғарышкерлердің тәрбиеленіп шығуына үлкен әсерін тигізетіні сөзсіз. Биыл Юрий Гагариннің әлем бойынша алғаш рет аспан әлеміне самғағанына 65 жыл болса, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 35 жыл толып отыр. Сондықтан бұл күннің ғарыш саласы үшін маңызы зор.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында алма бақтар гүлдеді
    14.04.2026
    Іле ауданында тазалық акциясы өтті
    14.04.2026
    Сабақтастық пен тазалық символы: Іле ауданында «Таза өлке – таза жер» акциясы өтті
    14.04.2026
    «Ыстық нүктенің» отына шарпылған…
    14.04.2026
    Тұтынушы құқығы заң аясында қорғалды: Департамент араласқан соң ірі көлемдегі қаражат қайтарылды
    14.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>