Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде кадрлық әлеуетті күшейту және кәсіби мамандар қатарын толықтыру мақсатында ҚР ҰҚК ШҚ Қызметтік кинология басқармасы офицерлері Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарында әскери кафедрада оқыған запастағы офицерлерді қызметке шақыру бойынша кең ауқымды агитациялық жұмыстар жүргізді.
Аталған іс-шаралар барысында тыл қызметі, психология, құқықтану, қаржы, ветеринария және байланыс салаларындағы запастағы офицерлерге ерекше назар аударылды. Бұл мамандық иелері шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Агитациялық жұмыстар аясында үміткерлерге әскери қызметтің артықшылықтары, әлеуметтік кепілдіктер, тұрақты жалақы және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, офицерлердің кәсіби дағдыларын қайта жаңғырту және жетілдіру мүмкіндіктері де түсіндірілді.
Шекара қызметі – бұл тек әскери міндет қана емес, сонымен қатар ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды миссия. Осыған орай, запастағы офицерлерді қатарға қосу – уақыт талабы және мемлекет қауіпсіздігін нығайтудың маңызды бағыты.
Еліңе қызмет ет – Шекара қызметіне қосыл!
Сен запастағы офицерсің бе?
Өз тәжірибеңді ел игілігіне жұмсауға дайынсың ба?
Бізге қажет мамандар:
Тыл қызметі
Психолог
Заңгер
Қаржыгер
Ветеринар
Саған ұсынылады:
Тұрақты жалақы
Әлеуметтік кепілдіктер
Мансаптық өсу
Кәсіби даму мүмкіндігі
Шекара қызметі – ел қауіпсіздігінің қалқаны!
Бізбен бірге бол!
Ләззат Мақытбекқызы
ҚР ҰҚК ШҚ Қызметтік кинология басқармасының бөлім аға офицері, майор



