⚠️ Ауа райы табылмады.
Сейсенбі, Сәуір 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    «Ыстық нүктенің» отына шарпылған…

    14.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс, Тарих
    «Ыстық нүктенің» отына шарпылған…
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    1995 жылдың сәуірі. Осыдан тура 31 жыл бұрын Қазақстан халқын дүр сілкіндірген оқиға өткен. Тәжік-ауған шекарасында қызмет атқару кезінде Ішкі әскердің (Ұлттық ұлан-авт.) 17 жауынгері ерлікпен қаза тапты. Моджахедтермен болған күші тең емес ұрыста. Жау осал болмады. Тау соқпақтарының бірімен келе жатқан қазақстандық ротаға тұтқиылдан тиіскен моджахедтер соғыс өнеріне әбден машықтанып, ұрыстың айла-тәсілін жетік меңгерген. Сұрапыл шайқаста ішкі әскердің жауынгерлері өздерінен 40-50 метрдей жерде тұрған көпірге бекініп алып, жауға тойтарыс беруге кіріскен. Бұл көпір – стратегиялық маңызы зор нысан болатын. Одан өтетін жолдың бірі – Калай-Хумб шекара отряды орналасқан елді мекеніне, екіншісі Душанбе қаласына апарады. Бірнеше сағатқа созылған осы ұрыста 17 сарбаз қаза тауып, 33-і жараланды. Олар соңғы деміне дейін әскери борышын адал атқарып, нағыз ерлік пен жанқиярлықтың үлгісін көрсетті.

    Содан бері жыл сайын 7 сәуір күні тәжік-ауған шекарасының ардагерлері Ұлттық ұланның облыс орталықтары мен қалалардағы әскери бөлімдерінде орнатылған ескерткіштің басына жиналып, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етуді дәстүрге айналдырған. Мәрмәр тастан қашалып жасалған сондай ескерткіш ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасында да бой көтерген. Содан бері 90-шы жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «ТМД-ның тәжік-ауған учаскесіндегі сыртқы шекарасын қорғауды күшейту туралы» 1993 жылғы 15 сәуірдегі қаулысына сәйкес, тәжік-ауған шекарасын күзетуге қатысқан офицерлер мен жауынгерлер жылдағы дәстүрге сай, бүгін де аталған шекара басқармасына келіп, батырларды еске алды.

    Еске алу шарасында ҰҚК Шекара қызметі ардагерлерінің бірі, запастағы полковник Серік Жағабаев: «Бұл күн біз үшін тек қасірет қана емес, сонымен қатар ерлік, жауынгерлік бауырластық пен әскери антқа адалдықтың символы. Біз тәжік-ауған шекарасында қаһармандық пен ерліктің нағыз үлгісін танытқан жауынгерлерді ешқашан ұмытпаймыз» – деді.

    Рәсімнен кейін аға буын ардагерлер бастаған шекарашылар мемориалға гүл шоқтарын қойып, тәжік-ауған шекарасының батырларына тағзым етті. Тасқа жазылған есімдердің ішінде 1994 жылдың қыркүйегінде қаза тапқан кіші сержант Раджан Батырқанов та бар еді. Ол Күршім шекара отрядының алыстағы заставаларының бірінде қызмет атқарып жүрген жерінен, Тәжікстан жеріне өзі сұранып аттанған болатын. Өкінішке орай, шекарашының маңдайына туған жеріне қайта оралу жазбапты. Ерлік пен батырлықтың шынайы үлгісіндей болып, жат елдің аумағында мәңгіліке қалып қойды.

    Мен 2024 жылдың қыркүйегінде Тәжікстанның Душанбе қаласында арнайы іссапармен болып, батыр шекарашының есімі жазылған ескерткішке гүл шоқтарын қою сәтін суретке түсіріп, бұл туралы Шекара қызметінің водомстволық басылымдарында қалам тербедім. Әрі қарай, Шекара қызметінің сардары генерал-майор Тоқтасын Бұзыбаев бастаған ардагерлермен бірге Калай-Хумб шекара отрядына барып, жергілікті елдімекен тұрғындарының шекарашыға деген зор құрметінің куәсі болдым.

    Бұл – шекарашы Раджан Батырқанов жасаған, ұрпақ жадынан оңайлықпен өшпейтін ерлік болатын. Сол себепті де 7 сәуір – шекарашылар, әсіресе тәжік-ауған шекарасында әр жылдары қызмет атқарып, «ыстық нүктенің» қызуына шарпылған шекарашы ардагерлер үшін Ерлік күні!

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,

    ҰҚК Шекара қызметі

    Алматы облысы бойынша департаменті

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында алма бақтар гүлдеді
    14.04.2026
    Іле ауданында тазалық акциясы өтті
    14.04.2026
    Сабақтастық пен тазалық символы: Іле ауданында «Таза өлке – таза жер» акциясы өтті
    14.04.2026
    «Ыстық нүктенің» отына шарпылған…
    14.04.2026
    Тұтынушы құқығы заң аясында қорғалды: Департамент араласқан соң ірі көлемдегі қаражат қайтарылды
    14.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>