⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Сәуір 16, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Ауыл шаруашылығы

    Көктемнің бір күні жылға азық

    15.04.2026
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Көктемнің бір күні жылға азық
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Кеген ауданының шаруалары көктемгі дала жұмыстарына қарқынды кірісіп кетті. Биыл ауа райының қолайлы болуынан 600 га жер жыртылып, 300 гектарына дәнді-дақыл себілді.

    Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жасұлан Өмірзақовтың айтуынша, биыл өңір бойынша жалпы егістік жер көлемі 31 887 гектарға ұлғайып, оның ішінде күздік бидай – 400 га, жаздық бидай – 2444 га, арпа – 6066 га, сұлы – 350 га, майлы дақылдар – 100 га, картоп – 791 га, көкөніс –135 га, малдың азықтық дақылдары 21 673 га құрап отыр. Егіс көлемін арттыру мақсатында былтыр барлығы 1187 га егістік жер шаруаларға беріліп, игерілуде.
    – Биыл 8,5 мың гектарға дәнді-дақыл себу жоспарланған. Қазіргі уақытта Жалағаш, Қарабұлақ, Кеген, Тұйық, Ұзынбұлақ ауылдарында жұмыс қарқынды жүруде. Аудан көлемінде жүзге жуық техника тартылған. Оның ішінде соқа, тырмақ, дән сепкіш бар, – деген бөлім басшысы Жасұлан Өмірзақов арзандатылған жанар-жағар­май алу жайына да тоқталды. Айтуынша, биылғы көктемгі және күзгі дала жұмыс­тары үшін шаруалардан дизель отынына өтінім көптеп түскен. Шаруалар қажетті жанармайды нарықтағы бағадан әлде­қайда арзанға сатып алады.
    Аудандағы шаруа қожалықтарының арзандатылған дизель отынына қолже­тімділігін арттыру мақсатында биылғы көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 12 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен шаруа қожалықтарының атынан 562,3 тоннаға сұраныс берілген, оның 481 тоннасы көктемгі, 81,3 тоннасы күзгі дала жұмыстарына жаратылмақ. Бүгінгі күнге дейін «Қарқара өнімдері» ЖШС 79 тонна дизель отынын алған.
    – Трактор тізгінінде отырған – өзімнің балаларым. Егістік басында екі «МТЗ-80», екі «К-150» тракторы жұмыс істеуде. Бұлар – қожалық иелігіндегі техникалар. «Көктемнің бір күні жылға азық» дейді, сондықтан бар мүмкіндікті пайдаланып, дамылсыз еңбек етудеміз, – деген қарқаралық шаруа қожалық иесі Бақытжан Асқарбаев ағамыз көктемгі дала жұмыстары уақытылы әрі сапалы атқарылуы тиіс екенін тілге тиек етті.
    Жауапты науқанды алғашқылардың бірі болып бастаған – «Жігер» шаруа қожалығы. Мұндағы диқан, механи­заторлар – Махамбет Шүкіров, Ералы Омаров, Ермек Қоңырғызаев, Әлім Тойлыбаев күн-түн демей тыным­сыз тірлік етуде.
    Кеген ауылының Ақшоқы тауының баурайымен төмен түскенімізде Тұйық ауылынан атшаптырым аумақтағы алқапта төрт шетелдік жер жырту тех­никасы көзге ұшырасты. Олар қыратты жерлерден бастап жер жыртып жүр. Механизаторлар агротехникалық ша­раны мінсіз орындауда.
    Алқап басындағы жұмысқа жетек­шілік жасап жүрген шаруалар жауапты науқанды мезгілінде аяқтайтынына сенімді. Көктемнің әр ашық күні диқан қауымының көңілін шуақты етуде. Уақытында сіңірілген дәннің сарыала күзде алтын астыққа айналары сөзсіз.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Мал басы төлімен көбейеді
    15.04.2026
    Көктемнің бір күні жылға азық
    15.04.2026
    Аграрлық саланың әлеуеті зор
    15.04.2026
    Кеген ауданында “Таза Қазақстан” акциясы аясында тал егілді
    15.04.2026
    Қолаға қол жеткізді
    15.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>