🌡️
11°C
Қонаев
Жұма, Сәуір 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Дайындық барысы пысықталды

    15.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Дайындық барысы пысықталды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Алматы облысы стенд атудан еліміздегі басты алаңдарының біріне айналуда. Осы спорт түрінен аймақта ірі жарыстардың өтуі бұған дәлел. Мамыр айының 2-11 аралығында тағы бір айтулы жарыс – стенд атудан Әлем кубогы өтпекші. Осы орайда Алатау қаласындағы Александр Асанов атындағы атқыштар клубында Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевтың төрағалығымен көшпелі отырыс өтіп, онда Әлем кубогына дайындық және өткізу мәселелері талқыланды.
    Жарысты Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан ұлттық спорттық ату федерациясы ұйымдастыруда. Жарыс А. Асанов атындағы атқыштар клубының базасында өтеді. Мұнда әлемдік атқыштар спортының элитасы жиналады. Бүгінгі таңда 43 елден 350-ден астам қатысушы тіркелді, бұл турнирдің жоғары мәртебесі және оның халықаралық спорттағы маңызды орнын айқындайды. Ұйымдастырушылардың атап өткеніндей, әлем кубогы қатысушылардың спорттық шеберлігін, сондай-ақ жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби деңгейін арттыруда тәжірибелік алаң болмақ. Әлем кубогына қатысу спортшыларға Халықаралық спорттық ату федерациясы (ISSF) тізіміндегі орнын нықтап, 2028 жылы АҚШ-та өтетін XXXIV жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік береді.
    Жарысқа дайындық барысы турасында Қазақстан ұлттық спорттық ату федерациясының бас хатшысы Олег Почивалов хабардар етті. Отырыс барысында облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жалғасып жатқан атқыштар клубының инфрақұрылымдық дайындығы мәселелеріне мән берді. Сондай-ақ әуежайда шетелдік делегациялар мен қатысушыларды күтіп алу, оларды орналастыру жайын да пысықтады. Жарыс алаңын безендіруге ерекше назар аудару қажеттігі де айтылды. Өз сөзінде Ғани Айдарұлы барлық ақпараттық стендтер мен ресми материалдар тек орыс және ағылшын тілдерінде ғана емес, мемлекеттік тілде де ұсынылуы тиіс екенін атап өтті.
    Әлем Кубогына келетін шетелдік қонақтарды еліміздің мәдениеті және салт-дәстүрімен таныстыру аса маңызды. Осы орайда бүркітшілер шеберлігін көрсету, халық аспаптар оркестрінің өнерін тамашалату көзделген. Клуб аумағында киіз үй орнатылады, онда қонақтарды ұлттық киім киген қыздар қарсы алады. Мәдениет басқармасы сахнаны, дыбыстық жабдықты монтаждаумен және концерттік бөлімді ұйымдастырумен айналысады. Ғани Майлыбаев атап өткендей, барлығы халықаралық турнир деңгейіне сай болуы тиіс. Жақын арада жарыстарды ақпараттық сүйемелдеу жұмысы басталады. Бейнероликтер таратылады, ал ірі телеарналар Әлем кубогын насихаттауды қамтамасыз етеді. Ірі халықаралық спорттық іс-шараларды өткізу кезінде бірінші орынға шығатын қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалмайды. Осы орайда Алматы облыстық полиция департаменті мен ТЖМ өкілдеріне атқыштар клубының қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, қонақтардың, спортшылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күшейтілген шаралар қабылдау тапсырылды.
    Айта кетер болсақ, Александр Асанов атындағы атқыштар клубының ең жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуде мол тәжірибесі бар. Бұған дейін 2009, 2013, 2015, 2019 және 2022 жылдары Азия чемпионаттары, ISSF Әлем кубогының рейтингтік кезеңдері, сондай-ақ 2024 жылы стендтік атудан Азия кубогы өткен болатын.

    Алма ЕСЕНБАЙ
    Алатау қаласы

    Соңғы жаңалықтар

    Таза бейсенбі: Қонаев қаласының жастары Іле жағасынын 9 тоннадан астам қоқыс жинады
    16.04.2026
    Шегірткеге қарсы науқан: Алматы облысында 1,8 млн гектар жер бақылауға алынады
    16.04.2026
    Алматы облысында қалдықтарды өңдейтін зауыт құрылысы басталды
    16.04.2026
    Алматы облысында есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтілді
    16.04.2026
    Маңызды міндет жүктелді
    16.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>