⛅
9°C
Қонаев
Сенбі, Сәуір 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    ЖОЛ АПАТЫ АЗАЙМАЙ ТҰР

    16.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    ЖОЛ АПАТЫ АЗАЙМАЙ ТҰР
    0
    SHARES
    50
    VIEWS

    Бүгін облыс әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Жиынға облыстық прокуратура, полиция, төтенше жағдайлар департаменті және «Казавтожол» акционерлік қоғамының өкілдері мен бірқатар басқарма басшылары және «POLYCOM» жүйесі арқылы қала, аудан әкімдері, аудандық полиция басқармаларының басшылары қатысты.

    Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатовтың төрағалығымен өткен басқосуда өңірдегі жол-көлік оқиғаларының ахуалы сөз болып, олардың себептері мен алдын алу шаралары талқыланды. Алғашқы сөз Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы Нұрлан Ауғанбаевқа берілді.
    – Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жол-көлік оқиғаларының саны азаймай отыр. Жыл сайын облыс аумағында адам өлімі мен жарақат алуға апарып соқтыратын жол апаттарының саны артып келеді. Тек 2025 жылы облыс бойынша 3 708 жол-көлік оқиғасы тіркел­ді. Соның салдарынан 374 адам қаза тауып, 4 370 адам жарақат алды. Бүгінде өңірде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарастыру қажеттілігі туындап отыр. Апаттық жағдайларға жүргізілген талдау қорытындылары мен анықталған бұзушылықтар оларды жою бойынша нақты ұсыныстармен қатар, түбегейлі әрі қатаң бағалауды талап етеді, – деді Нұрлан Жолдасұлы. Одан кейін аталмыш департамент басшысының орынбасары Мақсат Айтымбетовтың баяндамасы тыңдалды.
    2025 жылдың қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғалары 19,4%-ға өсіп, 3708 жағдай тіркелді. Жүргізілген талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілердің кінәсінен орын алады. Жиі кездесетін себептер – жылдамдықты асыру, жаяу жүргіншілерге немесе басқа жүргізушілерге жол бермеу және тәртіп бұзушылық әрекеттерге бару. Жүргізілген талдау нәтижесінде «Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас» автожолының 20-60 шақырым аралығы аса қауіпті учаске болып отыр. «Алматы – Өскемен» күрежолының 33-35 шақырым аралығында жаяу жүргіншілерге арналған инфрақұрылым мүлдем жоқ. 2024 жылдан бері мұнда 15 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4 адам қаза тапқан. Сонымен бірге осы күрежолдың 51-55 шақырым аралығында жарықтандыру және жаяу жүргіншілер өткелдері жоқ. Бұл жерде 30 жол-көлік оқиғасы орын алып, 14 адам қаза болған. Негізгі мәселе – көшелердің жарықтандырылмауы және жылдамдықты бақылау камераларының болмауы, – деді ол.
    Баяндамашының айтуынша, жалған мемлекеттік нөмірмен құқықбұзушы­лық жасайтындардың саны артып келеді. Мәселен, 026 ZZ 05 нөмірлі көлік 518 құқықбұзушылық жасап, 18 млн, «Volkswagen Polo» көлігі 224 құқықұзушылық жасап, 14 млн теңге айыппұл жинаған. Қазіргі уақытта облыста 325 «Сергек» камерасы орнатылған. Алайда олардың 8-і апатты емес учаскелерде орналасқан, сондықтан оларды қауіпті жерлерге көшіру ұсынылуда.
    Келесі кезекте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Абылай Жәнібеков сөз алып, биылғы 3 айдың қорытындысы бойынша аймақта 612 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін, қар­сы қозғалыс жолағына шығу, жылдам­дықты арттыру, жаяу жүргіншілерді қағу, масаң күйде көлік жүргізу деректерінен болған апаттар жиілегенін атап өтті. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан шара­лар­ға тоқталған ол биыл 1000 км жолға жол таңбаларын салу, 110 мың м2 аумақта ағымдағы жөндеу жүргізу, 850 дана жол белгісін және 5 бағдаршам нысанын орнату, 9 аудан мен 2 қаладағы 732,2 шақырым жолды жаңартуға мүм­кіндік беретін 200 жоба жүзеге асыру жоспар­ланып отырғанын жеткізді. Бұдан соң баяндама жасаған «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ директорының орынбасары Абзал Ақжолов 2023-2025 жылы 253 шақырым жол 1-санатқа ауыстырылып, биыл «Қонаев – Күрті» жолы қосылатынын, қазіргі уақытта жол таңбалау, белгі­лерді орнату, ауыстыру жұмысы жүр­гізіліп жатқанын айта келе, алдағы жоспарларымен бөлісті.
    Аталған мәселелер бойынша қойыл­ған сауалдарға жан-жақты жауап берген полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Ахметов бірқатар жолдарда көлік құралдары қозғалысының орташа жылдамдығын бақылауды енгізу қол­ға алынғанын, мұны іске асыру жүр­гізушілердің камералардың алдында жыл­дамдықты төмендетіп, одан кейін қайтадан арттыруының алдын алатынын жеткізді. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілер­дің жүріс бөлігін кесіп өтуінің алдын алу мақсатында жүріс бөлігі бойымен жаяу жүргіншілерге арналған қоршау орнату мәселесін қарастыру керегін де тілге тиек етті.
    Жиынды қорытындылаған Қанат Болатұлы облыстық полиция департа­ментіне апатты учаскелер бойынша ен­гізілген нұсқамалардың мүлтіксіз орын­далуын, жалған нөмірлерді пайдаланған құқықбұзушыларды анықтап, заң шеңберінде жауапкершілікке тартуды, «Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас» автожолының 20-60 шақырымы аралығында жаяу жүргіншілерге арналған тосқауыл қоршауларын орнату мәселесін қарастыруды, «Алматы – Өскемен» күрежолында көлік құралдарының орташа жылдамдығын бақылау жүйесін енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-на «Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас», «Алматы – Өскемен» автожолдарының апатты учаскелерінде жол инфрақұрылымын орнату мәселесін қарастыруды, облыстық білім басқармасына мектеп автобустарын белгіленген техникалық талаптарға сәйкестендіруді жүктеді.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Соңғы жаңалықтар

    Маңызды мәдени нысанның маңы тазартылды 
    18.04.2026
    Алатау қаласында “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік өтті
    18.04.2026
    Ұзақ батырдың шоқпары
    18.04.2026
    Ел іші – өнер кеніші
    18.04.2026
    Қарқарадағы жыр кеші
    18.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>