⛅
8°C
Қонаев
Жұма, Сәуір 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Біз Сашаға ораламыз

    17.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс, Мемлекеттік тіл
    Біз Сашаға ораламыз
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Көктемнің шуақты күндерінің бірі. Еліміздің түкпір-түкпірінен жастарды әскер қатарына шақыру науқаны қызған шақ. Солардың алғашқы легі ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Қарасай ауданы шекара басқармасының Ақжардағы техникалық және кәсіби-даярлық бөліміне келіп жеткен. Осынау көңіл толқытарлық маңызды сәтті назарымыздан тыс қалдырмауды шешкен біз де аталған бөлімнен табылдық.

    Күту алу, әрі қарай бірден шекара басқармасының медициналық лазареті. Мұнда дәрігерлер бекітілген тәртіпке сайкес, «Көктем-2026» шақырылымының сарбаздарын медициналық тексеруден жіті өткізуде. Міне, біз Александрмен осы жерде кездестік. «Кездестік» дегеніміз сәл артықтау… Сарбазды бізге 3-бөлімше бастығы капитан Азат Алтайұлы таныстырды. Өздеріне әскери мектепті бітірген кадет түскенін айтты. Сосын кезегі келіп, ішке кіріп бара жатқан жігітке қарап: «Саша, дәрігердің қабылдауынан шығысымен, тілші ханымды тауып ал. Сұхбат бересің» – деп қазақша бұйрық берді. Біз елең ете қалдық. Бізді офицердің кадет дегені емес, Саша есімді жігітке таза қазақ тілінде сөйлегені елеңдетіп еді. Бір қызығы, көздері аспан түстес, орыстың сары баласы да тосылған жоқ-тын. Қазақ тілінде: «Құп болады, капитан мырза!» – деді де көзден ғайып болған. Ал біз уақытты текке өткізбеу үшін сыртта тұрған жас сарбаздарға жақындадық.

    Біраздан кейін Саша да жеткен. Таныстық. Дуденко Александр Николаевич. Бақсақ, ол Семейдегі дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицейінің түлегі екен. Өзі осы өңірдегі Мұқыр деген ауылдан көрінеді. Ата-анасы Сашаны он екі жасында аталған мектепке алып барып, сыртынан көрсеткен көрінеді. «Шынымды айтсам, ең алдымен әскери формадағы балаларды көріп, көзім жайнап кетті. «Бітті, түсемін» дедім. Ал сол сәт мені қатты қызықтырған мектепке қабылдану оңай емес екенін ойлап жатпадым. Қашан құжаттарымды тапсырып болғанша, өзіме де, ата-анама да маза берген жоқпын» – дейді ол ағынан жарылып.

    Осылайша, жеті жыл оқып, үздік бағаға бітірген мектептен кейін Сашаның таңдауы Ақтөбедегі ұшқыштарды даярлайтын дара жоғары оқу орнына түседі. Алайда, қоятын талабы қатал әскери институттың емтиханы жас жігіт үшін оңай болмай шығады. Тек, бұл – алған бетінен қайтпайтын қайсар мінезді жас жігіттің тауын шаға алмаса керек.

    2026 жылдың көктемін асыға тосқан Александр әскерге шақыру науқаны бастала салысымен, Шекара қызметінің сапына сұранады. Мақсаты – мерзімді қызметтен кейін берілетін мүмкіндікті пайдаланып, ҰҚК Шекара академиясына түсу еді.

    Иә, армандар орындалады деп жатады. Мұқыр ауылында туып, қазақтың қара домалақтарымен асыр салып ойнап өскен Сашаның түрі «орыс» деп тұрғаны болмаса, тілін қазақша сындырған бозбаланың қайсарлығына тәнті болдық. Сосын, әскери орта туралы сұрауды жөн санамадық. Қажеті не? Балалығының бал шақтарын әскери өмірге арнаған Александрдың мұндағы әскери өмірге де тез үйреніп кететініне шүбә жоқ. Өзінен алдағы уақытта жақсы сарбаз шығатына да сенім мол. Ең бастысы, шекарашылардың білім ұстаханасына түсу үшін қатардағы жауынгер А.Дуденконың небір ауыр сынақтың өткелінен өтуіне тура келеді. Сәттілік серігі болғай!

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА

    ҰҚК Шекара қызметі 

    Алматы облысы бойынша департаменті

    Соңғы жаңалықтар

    Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды
    17.04.2026
    Басым бағыттар сараланды
    17.04.2026
    Шаңырақ шаттығы
    17.04.2026
    Біз Сашаға ораламыз
    17.04.2026
    Ұлы дала мұрасы
    17.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>