⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Сәуір 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Басым бағыттар сараланды

    17.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Басым бағыттар сараланды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Облыстық әкімдікте аймақ бас­шысы Марат Сұлтанғазиевтің төрағалы­ғымен өткен отырыста бірінші тоқсанның қорытындысы, бюджеттің атқарылуы, инвес­тиция тарту, негізгі салалар­дағы басым бағыттар және әлеу­мет­тік мәселелер қаралды. Жиынға мәслихат депутаттары, бас­қар­малар мен департа­мент­тер­дің басшылары, аудан-қала әкім­дері, құқық қорғау органдары мен қоғам­дық ұйымдар­дың өкілдері қатысты.

    Басқосуда аймақ басшысы облыстың экономикалық көрсеткіші жалпы өсім деңгейін сақтап отырғанын атап өтті. Қысқа мерзімді индикатор 115,6%-ға жеткен, бұл ретте негізгі басымдық өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Алайда, кейбір салада құлдырау бар, мәселен, сусындар өндірісі төмендей түскен. Бұл да ортақ көрсеткішке айтарлықтай әсер етуде. Осыған байланысты жауапты мамандарға мұның себебін анықтап, нақты шаралар ұсынуды тапсырды. Бұл жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдау және жаңа өндірістерді іске қосуға бағытталуы тиіс. Жылдық бағдар – өнеркәсіп көлемін 2,7 трлн теңгеге дейін жеткізу.
    Ауыл шаруашылығында да мән беруге тұрарлық мәселе бар. Бұл салада 5%-дан жоғары өсім жоспарланғанымен нақты көрсеткіш 1,9% -ды көрсетуде. Әсіресе, ет пен жұмыртқа өндірісі екі есеге азайып, құс шаруашылығында күрделі жағдай қалыптасқан. Сонымен қатар бірқатар аудандарда мал басының азаюы байқалады. Бұл да көрсеткіштерге айтарлықтай әсер етіп отыр.
    Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару және су үнемдеу технологияларын енгізу де уақыт күттірмейтін мәселе. Бұлар өнім көлемін ұлғайтуға ықпал етеді. Осы орайда салаға жауапты мамандар алдына көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы жүргізу, технологиялық жарақтандыру және өнімділікті арттыру міндеттері қойылды.
    Инвестициялық белсенділік – сенімді өсу кепілі. Осы орайда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі үш есеге артқанын атап өтуге болады. Бұл ретте жобалардың сапасына баса назар аударылу қажет.
    – Инвесторды тарту жеткіліксіз. Жобаны нақты өндіріс сатысына жеткізіп, барлық кезеңде инфрақұрылым мен сүйемелдеуді қамтамасыз ету маңызды. Ендігі ретте жергілікті атқарушы органдардан инвесторлармен тұрақты жұмыс істеу және туындаған мәселелерді жедел шешу талап етіледі, – деді өз сөзінде Марат Елеусізұлы.
    Бюджеттік көрсеткіштер тұрақтылығын сақтап, аймақ өзіндік кірісін қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, өсудің жоғары қарқынын ұстап тұру талабы белгіленді, өйткені әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру осыған байланысты.
    Аймақта құрылыс көлемі арта түсуде. Дегенмен тексерулер барысында аудандарда шаршы метр құнының сәйкессіздігі, сондай-ақ жекелеген нысандардың белгіленген нормативтерге сай еместігі анықталды. Осы орайда облыс басшысы нысандарды салу және қабылдау кезінде баға белгілеуде бірыңғай тәсілдер мен нормативтерді қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.
    Шағын және орта бизнес секторында да өсім бар. Алайда бірқатар аудандарда сауда белсенділігінің төмендеуі байқалған. Бұл кәсіпкерлермен неғұрлым белсенді жұмыс істеуді талап етеді. Осы ретте қолдау шараларын күшейту, сауда инфрақұрылымын дамыту және бизнеске арналған білім беру бағдарламаларын кеңейту жоспарланған.
    Инфляция қазіргі таңдағы өзекті мәселенің біріне айналды. Бір жыл ішінде бағаның өсуі 11%-дан асты, әсіресе азық-түлік пен күнделікті тұтынатын тауарлар айтарлықтай қымбаттады. Осыған байланысты тұрақтандыру қорының тиімділігін арттыру, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жұмысын күшейту, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қажетті қорларын қалыптастыру және олардың нарыққа үздіксіз түсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бағалардың тұрақты мониторингін жүргізу маңызды екені айтылды.
    Еңбек нарығында 6 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Десек те, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі жоғары деңгейде қалып отыр, ал аудандар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші бойынша айырмашылықтар сақталуда. Жастарға қатысты мәселе де көтерілді. Аймақта оқумен қамтылмаған және жұмыс істемейтін жастардың үлесі республикалық орташа деңгейден жоғары. Бұл жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысты мәселені қайта қарауды талап етеді.
    Әлеуметтік сала алдына да білім беру сапасын, балалардың қосымша сабақтарға қолжетімділігін арттыру және профилактикалық жұмысты күшейту міндеттері қойылды. Денсаулық сақтауда ауруларды ерте диагностикалауға, скринингтік бағдарламаларды дамытуға және медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылуы қажет.
    Отырыс барысында жазғы маусымға дайындық бойынша тапсырмалар берілді. Аймақтың қонақтарды қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету үшін жол желісін, туристік аймақтарды ретке келтіру қажеттігі алға тартылды.
    Жиын қорытындылай келе Марат Елеусізұлы бірқатар әкім мен басқарма басшыларына жекелеген салалар бойынша жұмысты ширатуды, отырыста белгіленген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді және өңір дамуының оң серпінін сақтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

    Алма ЕСЕНБАЙ

    Соңғы жаңалықтар

    Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды
    17.04.2026
    Басым бағыттар сараланды
    17.04.2026
    Шаңырақ шаттығы
    17.04.2026
    Біз Сашаға ораламыз
    17.04.2026
    Ұлы дала мұрасы
    17.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>