⛅
21°C
Қонаев
Бейсенбі, Сәуір 23, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Әскери борыштың берері мол

    23.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Қорғаныс
    Әскери борыштың берері мол
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазіргі таңда «Көктем-2026» шақырылымының сарбаздары әскери өмірдің алғашқы әліппесін меңгеріп, үлкен жолдың басында тұр. Алда оларды дәстүрге айналған Отан алдында ант қабылдау рәсімі күтіп тұр. Бұл – ел шекарасын күзету секілді абыройлы міндет жүктелетін жас шекарашылар үшін жауапты да ерекше сәт.

    Дегенмен, бүгінгі сарбаз тек әскери тәртіппен шектеліп қана қоймайды. Олардың болашағына бағыт беретін жаңа мүмкіндіктер де қарастырылған. Соның айқын дәлелі – ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Қарасай ауданы шекара басқармасының техникалық және кәсіби-даярлық бөлімінде өткен үгіт-насихат жұмыстары.

    Ақжардағы оқу базасында өткен бұл кездесу еркін форматта ұйымдастырылып, 400-ден астам сарбазбен ашық әңгіме өрбіді. Департаменттің Тәрбие, идеологиялық және кадрлық жұмыстар басқармасының бөлім бастығы подполковник А. Айсағалиев бастаған офицерлер жас сарбаздардың алдында тұрған нақты мүмкіндіктерді жан-жақты түсіндірді.

    Әңгіме барысында әр сарбазға бірнеше жол ашық екені айтылды. Олар: келісімшарт негізінде Шекара қызметінде қалу, отандық немесе шетелдік (Ресей, Түркия) әскери жоғары оқу орындарына түсіп, офицер атану және ерекше бағыттардың бірі – «Срочник 2.0» бағдарламасы арқылы болашаққа жол салу.

    «Срочник 2.0» – бұл жай ғана жоба емес, әскерден кейінгі өмірге берілетін нақты мүмкіндік. Ол сарбазға бағыт көрсетіп, оның кәсіби және білім жолын айқындауға көмектеседі.

    Кездесу барысында подполковник Асхат Айсағалиев жалпы үгіт-насихат жұмыстарының маңызын атап өтсе, подполковник Баубек Жаңабаев келісімшарт бойынша қызмет етудің артықшылықтарын түсіндірді. Ал аға лейтенант Айбек Усманов әскери жоғары оқу орындарына түсу тәртібін егжей-тегжейлі баяндады. Ефрейтор Думан Сәрсенов болса, «Срочник 2.0» бағдарламасының мүмкіндіктерін қарапайым тілмен түсіндіріп берді. Айта кетерлігі, тәртібімен, даярлығымен және спорттағы жетістіктерімен ерекшеленген сарбаздар ҰБТ-сыз-ақ, арнайы сертификат арқылы жоғары оқу орындарына тегін түсу мүмкіндігіне ие болады. Бұл – олардың еңбегіне көрсетілген үлкен сенімнің белгісі.

    Шара соңында офицерлер сарбаздардың сұрақтарына ашық жауап беріп, еркін пікір алмасты. Сол сәтте қатардағы жас шекарашылардың арасынан осыған дейін бізге сұхбат беріп үлгерген таныс бейнелер де көзге түсті. Мәселен, бірнеше тілді еркін меңгерген қатардағы жауынгер Дінмұхаммед Шәйлін әскерден кейін Шекара қызметінде қалуды мақсат етсе, орыс ұлтының өкілі Саша Дуденко әскери жоғары оқу орнына түсуді армандайды.

    Подполковник А.Айсағалиевтің айтуынша, өткізілген кездесу нәтижесінде 40-тан астам сарбаз келісімшарт қызметіне қалуға ниет білдірген. 30-дан астам жас шекарашы әскери жоғары оқу орындарына түсуге дайын екенін жеткізді. «Срочник 2.0» бағдарламасына қызығушылық танытқандар да аз емес.

    Бұл – тек бастамасы. Алдағы уақытта мұндай таңдау жасайтындардың қатары көбейетіні сөзсіз. Ең бастысы – мүмкіндік бар, бағыт айқын. Қалғаны – жас шекарашылардың өз шешімі мен ерік-жігерінде. Ең бастысы, Шекара қызметі тарапынан берілген мұндай зор мүмкіндіктер – әскердегі ұлдарының амандығын тілеген ата-аналарға да үміт пен қуаныш сыйлары анық.

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА

    ҰҚК Шекара қызметі 

    Алматы облысы бойынша департаменті   

    Соңғы жаңалықтар

    Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала
    23.04.2026
    Ойшыл болғыңыз келсе, кітап оқыңыз
    23.04.2026
    Әскери борыштың берері мол
    23.04.2026
    Ортаймайтын ой қазынасы
    23.04.2026
    Зейнетақы саласындағы ынтымақтастық
    22.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>