☀️
25°C
Қонаев
Сейсенбі, Сәуір 28, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Шекараның күміс көмей әншісі

    28.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс, Мерейтой
    Шекараның күміс көмей әншісі
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Музыка мен әскери тәртіпті, нәзіктік пен қайсарлықты бір арнаға тоғыстырған Зәмзагүл Кенжебаеваның 65 жылдық мерейтойы ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің клубында ерекше жылылықпен өтті. Сахна төрінде өткен жылдардың әуені қалықтап, көрерменді ретро стилінің сиқырлы әлеміне жетеледі. Бұл кеш – өмірінің үлкен бөлігін Отан қорғаушылардың рухын көтеруге арнаған өнерпаздың өз тыңдарманына деген ерекше есебі іспетті. 

    «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық және облыстық филиалдары ұйытқы болған шығармашылық кешке саналы ғұмырларын ел шебінің мызғымастығына арнаған шекарашы ардагерлер қатысып, мерейтой иесін туған күнімен құттықтады. Отставкадағы генерал-майор Марат Мажитов ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Ерлан Алдажұмановтың құттықтау хаты мен бағалы сыйлығын табыс етті. Сондай-ақ, Зәмзагүл Орынбасарқызының «Шекара қызметінің құрметті ардагері» деген төсбелгімен марапатталу сәтін көпшілік қауым ду қол шапалақтап қарсы алды.

    Отанға қызмет етуге арнаған, шекарашылар рухын көтеріп, олардың жүрегіне жігер мен патриоттық сезім ұялатқан бірегей тұлғаның репертуарында тек патриоттық немесе әскери әндер ғана емес, сонымен қатар әлемдік хиттер, ретро және қазақтың халық әндері де бар. Ол әнші ғана емес, сазгер. Атап айтар болсақ, бүгінде Шекара қызметі ансамблінің репертуарындағы «Отаным шекарадан басталады», «Шекара вальсі», «Біз шекарада» сынды патриоттық тақырыптағы өлеңдерге жан бітіріп, әуенмен өрнектеген.

    Әлі есте, біз Зәмзагүл ханыммен 1998 жылдың көктемінде сол кездегі Шонжы шекара отрядының мәдениет үйінде алғаш кездесіп, талантына тәнті болған едік. Сөйтсек, сол жылдары әншінің атағы шекара аймағынан асып, республикаға жайылыпты. Тіпті, бүгінгі мерейтой иесінің өмірбаянында «Ауғанстан» парағы ерекше орын алады екен. Жауынгерлік рухты жырлаған әнші Кеңес әскерлерінің алдында өнер көрсетіп, Отанынан жырақта жүрген сарбаздарға туған жердің сағынышы мен ыстық сәлемін жеткізген санаулы өнер иелерінің бірі болған.

    Бүгінгі басқосуда Шекара қызметі сардардарының көшін бастап тұрған отставкадағы генерал-майор Тоқтасын Бұзыбаев «Застава тарландары» республикалық қоғамының төрағасы генерал-майор Мұхтар Сабидолдановтың құттықтауын жеткізсе, әскери жазушы, ондаған жылдар бұрын жас әншіні өзі басқарған ансамблге қабылдаған Василий Шупейкин өз естеліктерімен бөлісіп, жиналған қауымды әдемі әсерге жетелеп отырды. Арасында Зәмзагүл Орынбасарқызының өнердегі әріптесі, танымал әнші Ринат Шукуров «Туған күніңмен», «Пограничная гитара» атты әндерді нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ кештің гүліне айналған кішкентай қос әншіміз Нұрай мен Раяна Нұрышевалар «Жас шекарашы» әні үшін мерейтой иесінің ыстық ықыласына бөленді.

    «Ер Раджан» әні. Бұл – 1994 жылдың қыркүйегінде тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан Раджан Батырханов туралы ән. Ақын Рауан Қабдолдановтың қаламынан туған өлеңнің әнін Зәмзагүл жазған. Өнер иесінің кешінде осынау ән де көрермен қауымның жүрегін бұлқынтып әкеткені анық.

    Кеш соңында сахна төрi мерейтой иесіне деген құрметтей, даланың қырмызы гүлдері мен хош иісті раушандарға толды. Бұл тек гүл шоқтары емес, З.Кенжебаеваның шығармашылығына деген шекарашылардың шынайы алғысының белгісі еді. Әуезді әуенімен ел жүрегін тербеген әнші-сазгердің мерейтойлық кеші осылайша шуақты сәттермен түйінделді.

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА

    ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті

    Соңғы жаңалықтар

    Ауыл аманаты: Алматы облысында ауыл кәсіпкері айына 60 мың кірпіш өндіреді
    28.04.2026
    Шекараның күміс көмей әншісі
    28.04.2026
    Тұлға
    28.04.2026
    Кітаппен дос бол!
    28.04.2026
    Ел тыныштығының кепілі
    28.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>