☀️
18°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 29, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

    29.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қонаев қаласындағы  Alatau Hub алаңында цифрлық дағдыларды дамытуға, стартап-экожүйеге және жасанды интеллект мүмкіндіктеріне арналған оқыту іс-шарасы өтті. Мақсаты –  қатысушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру және заманауи технологиялық трендтер туралы ақпарат беру. Іс-шараға  «AMANAT» партиясының әйелдер қанатының және  бизнес пен  қоғамдық ұйымдардың өкілдері, IT-қоғамдастық мүшелері, әр ауданнан келген студенттер қатысты.

    Семинар барысында Alatau Hub директоры Жазира Жұмахан «Цифрлық сауаттылық – бәсекелік артықшылық» тақырыбында воркшоп өткізді. Директордың баяндамасында  цифрлық трансформацияның негізгі аспектілері, стартаптарды дамыту тетіктері айтылды. Сонымен бірге Astana Hub экожүйесінің өңірдегі технологиялық командалар мен кәсіпкерлерге ұсынатын нақты мүмкіндіктері қамтылды.

    Келесі кезекте КеTwinMind компаниясының бұрынғы AI-инженері, сарапшы Жұлдыз Жапардың «Жасанды интеллект: мүмкіндіктері, шектеулері және шынайылығы» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Баяндамашы AI дамуының негізгі трендтерін, оның практикалық әлеуетін және қолдану шекаралары жөнінде ақпарат берді. AI өнімдерімен жұмыс істеген маманның халықаралық деңгейдегі нақты жобаларды ұсынып, кейстермен бөлісуі көптеген қатысушылар үшін  үлкен тәжірибе алаңы болды.

    Қатысушылар цифрлық трансформацияның өзекті бағыттарымен танысып, жаңа білім алып, өзара тәжірибе алмасты. Олар  тек теориялық ақпарат алып қана қоймай,  цифрлық экономикаға кірудің нақты жолдарын көруге мүмкіндік алды. Цифрлық технологияларды кеңінен насихаттауға, өңірдегі IT-қоғамдастықты нығайтуға және технологиялық ойлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған мұндай іс-шаралардың оқытуға, тәжірибе алмасуға және инновациялар мен жасанды интеллект саласында кәсіби дамуға қолайлы орта қалыптастыратыны сөзсіз.  Осы орайда жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан Alatau Hub облыстағы цифрлық болашаққа ұмтылғандар үшін тартымды орталыққа айналуда.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

     

    1 of 3
    - +

    1.

    2.

    3.

    Соңғы жаңалықтар

    АШЫҚ ЕСІК АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
    29.04.2026
    БОЗ КІЛЕМДЕГІ БЕЛДЕСУ
    29.04.2026
    Сот ғимараты бой көтереді
    29.04.2026
    ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
    29.04.2026
    Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады
    29.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>