☀️
9°C
Қонаев
Сәрсенбі, Мамыр 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесіне бақылау күшейтілді

    05.05.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Алматы облысында медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесіне бақылау күшейтілді
    0
    SHARES
    18
    VIEWS

    Алматы облысында мүгедектікті белгілеу мен әлеуметтік қолдау шараларын тағайындау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Бұл бағытта халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, қабылданған шешімдердің негізділігін жан-жақты тексеруде.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаменті басшының орынбасары Гүлмира Ботабекова айтты.

    Бақылау жұмыстары медициналық-әлеуметтік сараптамаға ұсынылатын құжаттарды талдау арқылы жүзеге асырылады. Әсіресе, соңғы жылдары енгізілген цифрлық шешімдердің арқасында бұл процесс анағұрлым тиімді бола түсті. Медициналық ақпараттық жүйелермен интеграция жүргізіліп, азаматтарды сырттай проактивті куәландыру тәжірибесі кеңінен қолданылуда. Бұл өз кезегінде адам факторын азайтып, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
    Алайда жүргізілген талдау барысында республика көлемінде бірқатар заңбұзушылық белгілері анықталған.
    «Кейбір медициналық құжаттардың мазмұны бір-біріне айтарлықтай ұқсас болған, талдау нәтижелері мен дәрігерлік қорытындылар қайталанған, тіпті кей жағдайларда тек пациенттердің жеке деректері өзгертіліп, қалған ақпарат өзгеріссіз қалдырылған фактілер кездескен. Мұндай жағдайлар құжаттарды қолдан жасау ықтималдығын көрсетеді»,-деді Гүлмира Ботабекова.
    Жалпы республика бойынша осындай 167 жағдай тіркелсе, оның 19-ы Алматы облысының үлесіне тиесілі. Аталған фактілердің барлығы жіті тексеріліп, тиісті шаралар қабылдануда.
    Атап айтқанда, күмән тудырған жағдайлар бойынша қайта бақылау куәландырулары ұйымдастырылып, материалдар құқық қорғау органдарына жолданған. Сонымен қатар, тексеру нәтижелері шыққанға дейін әлеуметтік төлемдер уақытша тоқтатылып, заңбұзушылықтар расталған жағдайда бұрын қабылданған шешімдер қайта қаралуда.
    Спикердің айтуынша, мұндай бақылау шаралары жүйенің әділдігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Себебі әлеуметтік қолдау шаралары шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағытталуы тиіс. Ал жалған құжаттар арқылы заңсыз жеңілдіктер алу әрекеттері қоғамдағы сенімге нұқсан келтіреді.
    Қазіргі таңда жағдай толықтай құзырлы органның бақылауында. Алдағы уақытта да медико-әлеуметтік сараптама жүйесінде ашықтықты арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және қызмет сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасын табады.
    Осылайша, Алматы облысында әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру бағытындағы шаралар кезең-кезеңімен іске асырылып келеді.

    Соңғы жаңалықтар

    Жасанды интеллект – білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық мемлекеттік басымдығы
    12.05.2026
    Стратегиялық серпіліс: Жасанды интеллект – сапалы білімге тең қолжетімділіктің жаңа мүмкіндігі
    12.05.2026
    В Мангистау нашли следы древнего города, связанного с Римом и Китаем
    12.05.2026
    Қорғаныс министрлігі Халықаралық дзюдо федерациясымен меморандумға қол қойды
    12.05.2026
    «Экософия» кітабының таныстырылымы өтті
    12.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>