Қадірменді жерлестер!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
Отанды қорғау – әр азаматтың жүрегіндегі қасиетті сезім, елге деген адалдық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Ел тыныштығын сақтау, ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз ету – зор қайсарлық пен табандылықты талап ететін абыройлы міндет. Осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген әрбір азаматтың қызметі – нағыз патриотизмнің жарқын үлгісі.
Мемлекеттің тыныштығы мен жер тұтастығын сақтау жолында қызмет атқарып жүрген барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Сіздердің табанды еңбектеріңіз – Отанға деген адалдық пен ел алдындағы жауапкершіліктің жарқын дәлелі.
Баршаңызға зор денсаулық, абырой және баянды бақыт тілеймін!
Еліміздің көк байрағы асқақтап, Тәуелсіз Қазақстанымыздың мерейі арта берсін!
Мереке құтты болсын!
