⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Мамыр 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    От кешкен оғландар ортамызда!

    09.05.2026
    in Барлық жаңалықтар
    От кешкен оғландар ортамызда!
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Уақыт алға озған сайын Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангерлердің қатары сиреп барады. Бүгінде облыста ғасыр жасаған төрт майдангер ғұмыр кешуде. Олардың көкірегінде азапты шақтағы қорғасын оқ қарша борағанда сызды окопты паналаған боздақтардың аяулы арманы жатқаны ақиқат. Қарт майдангерлердің тарам-тарам әжімдері бейнебір сұрапыл соғысты суреттеп тұрған жолдардай көрінеді. Қос жанарлары бірде жеңіске жеткен осынау бейбіт заманға шүкір етіп, ұрпағының уайым-қайғысыз өсіп жатқанына қуанса, енді бірде арман-мақсаттары майдандас бауырларының көз алдында оққа ұшып, жер жастанып, бейбіт күнді көре алмай кеткеніне қаймығып қалатындай. Адамзатқа жасалған қан-қасапқа қарсы тұрып, төрт жылға созылған соғыста қолынан қаруын тастамай, жеңіске жету жолында жан аямаған сарбаздардың сапында болған майдангерлеріміз кейін бейбіт өмірде елінің берекелі тірлігі үшін тер төкті. Бүгінде қатары сиреген қан майдан куәгерлерінің өмірінен қысқаша мағлұматты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

    Солтанбай Жарықбасов 1925 жылы 17 ақпанда қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылдық округіне қарасты Алға ауылында дүниеге келген. Майданға кетпес бұрын Ташкенттегі мергендер курсын тәмамдаған. Алматы облысының өзінен 1943 жылы 1 мамырда 1800 жас сарбаз Жапониядан төнер қауіптің алдын алуға Шығысқа жөнелтіледі. Солтанбай Забайкалье майданындағы 25-Қызыл Тулы механикаландырылған бригаданың 1-батальоны 1-ротасының пулемет бөлімшесінің командирі болған. Мергендігімен көзге түскен жауынгер елге 1950 жылы оралады. Солтанбай білім саласындағы алғашқы еңбек жолын 1951 жылы күзде сол кездегі Алексеевка, Ключи орталау мектептерінде мұғалім болудан бастайды. Ал 1971 жылдан 1985 жылға, яғни зейнеткерлікке шыққанға дейін мектеп басшысы қызметін абыроймен атқарды.

    Федор Ковалев – 1927 жылы 11 қарашада Белорусьтегі Могилев облысы Климлев ауданы Орловка ауылында туған. 1944 жылы әскерге алынып, №34070 әскери бөлімінде екі айлық курстан өтеді. 1945 жылдың мамырында фашистік Германия тізе бүксе де, жаһандық соғыс аяқталмаған еді. Әскер қатарынан 1951 жылы босатылады. Қазыналы Ұзынағаш ауылына 1969 жылы көшіп келеді. «ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Маршал Жуков», «Еңбек ардагері», Жеңістің мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Жамбыл ауданының Құрметті азаматы.

    Тәңірберген Толғанбаев 1923 жылы 7 мамырда бұрынғы Талдықорған облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Ол 1942 жылдың мамырында Ақсу ауданының әскери комиссариаты арқылы Кеңес армиясы қатарына шақырылды. «Майдандағы ерлігі үшін», «Кавказды қорғағаны үшін» және «Германияны тізе бүктіргені үшін», «Маршал Жуков» медальдарымен және басқа да төсбелгілермен марапатталады.
    Майдангер соғыстан кейін өмірінің көп бөлігін құқық қорғау саласына арнап, елдің тыныштығы үшін қызмет еткен. 1949-1951 жылдары Ақсу аудандық халық сотында хатшы болып жұмыс істеді. 1951 жылдан бастап тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарында қызмет етті. 1964-1975 жылдары Алматы облысы Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 1975-1978 жылдары Алматы облысы Іле ауданының прокуратурасында жұмыс істеді. Жазушы Кемел Тоқаевтың детективтік шығармаларындағы қылмыстық іздестіру қызметкері прототиптерінің бірі – осы Тәңірберген Толғанбаев.

    Алым Кибиров – Ұйғыр ауданы Кіші Ақсу ауылында 1924 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. 1942 жылы 23 ақпанда армияға алынып, соғысқа аттанады. 1942-1943 жылдары Беларусь майданына қатысып, Белгород қаласын азат етіп жатқан кезде жараланып, госпитальға түседі. Әскери комиссиядан соң екінші рет соғысқа қайта барады. 1943-1944 жылдар арасында Украина майданында болып бірнеше қалаларды азат етуге қатысады. 1943-1944 жылдар аралығында ауыр жарақат алып, 1944 жылы наурыз айында туған жеріне қайтып келді.
    Майдан даласында көрсеткен ерліктері үшін Ұлы Отан соғысының І дәрежелі ордені мен Украинаның «Львов қаласын азат еткені үшін» және басқа да көптеген медальмен марапатталды.

    Соңғы жаңалықтар

    Тазалық пен тағылым тоғысты
    14.05.2026
    «Таза Қазақстан»: ұзынағаштықтар үлес қосты
    14.05.2026
    БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
    14.05.2026
    Жасанды интеллектіні енгізу білім сапасын жаңа деңгейге көтереді
    14.05.2026
    Аймақ жұртын біріктірген ауқымды бастама
    14.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>