⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Мамыр 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Президент хатын тапсырды

    13.05.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Президент хатын тапсырды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында тұратын Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Федор Ковалевтің шаңырағына арнайы барып, Жеңіс күнімен құттықтады.

    Аймақ басшысы ардагерге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтау хатын табыстап, майдангердің ел алдындағы ерен ерлігі мен бейбіт өмір жолындағы еңбегіне құрмет көрсетті.
    Федор Мелянович 1927 жылы Могилев облысында дүниеге келген. 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, арнайы дайындықтан өткен соң 1945 жылы Кеңес-Жапон соғысына қатысқан. Майдан даласында батылдығымен танылған ардагер соғыстан кейін туған жерінде еңбек етіп, кейін Жамбыл ауданына қоныс аударған. 1969 жылдан бастап Ұзынағаш ауылында еңбек етіп, ұзақ жыл «Жамбыл РТС» мекемесінде электр дәнекерлеуші қызметін атқарды. Еңбектегі табыстары үшін бірнеше мәрте Құрмет грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапатталған. Майдандағы ерлігі үшін орден-медальдармен марапатталған. Жамбыл ауданының Құрметті азаматы.
    Ардагердің үйіне Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас бірге барды. Жүздесу барысында бейбіт өмірдің қадірі, ел бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығы жайлы тағылымды әңгіме айтылып, майдангерге ізгі тілек арналды. Жеңіс рухы мен майдангерлердің ерлігі – кейінгі ұрпақ үшін мәңгілік өнеге.

    Серік ӘШІМБЕКҰЛЫ
    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды
    13.05.2026
    Көлік кілтін табыстады
    13.05.2026
    МӘМС жайы қаралды
    13.05.2026
    Жаңа белес
    13.05.2026
    Президент хатын тапсырды
    13.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>