☀️
20°C
Қонаев
Жұма, Мамыр 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа белес

    13.05.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Жаңа белес
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Су Фанцюмен кездесті. Жүздесу барысында тараптар екі жақты сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және туризм саласындағы ынтымақтастықты арттыру жайын талқылады.

    Басқосуда облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы, болашақтағы мүмкіндіктері мен қолға алынып жатқан іргелі жобалар туралы баяндады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің страте­гиялық достығы арқасында екі ел арасындағы ынтымақтастық жаңа белеске көтерілгенін атап өтті. Соның нәтижесінде соңғы жылдары Алматы облысы Қытайдың бірқатар провинцияларымен экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы, мәдени-гуманитарлық бағыттарда бірлескен жобаларды жүзеге асырып жатқанын айтты.
    «Достық қарым-қатынастың арқасында Алматы облысы мен Қытай елі арасындағы тауар айналымы жылдағы дәстүрге сай жоғары деңгейін сақтап келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша, бұл көрсеткіш 1 миллиард 257 миллион АҚШ долларына жетті. Бүгінгі таңда облыста Қытай капиталының қатысуымен 140-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Біз сауда-экономикалық байланысты әрі қарай нығайтуға үлкен мән береміз», – деді Марат Елеусізұлы. Сонымен қатар аймақ басшысы Алматы облысы мен Қытай өңірлері арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуда зор мүмкіндіктер күтіп тұрғанына сенім білдіріп, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм саласында әріптестік байланысты нығайтуға дайын екенін жеткізді.
    Бас консул бұл оның Алматы облысына жасаған алғашқы сапары екенін айта келіп, өңірдің әлеуетін жоғары бағалайтынын тілге тиек етті.
    «Алматы облысы көптеген көрсеткіш бойынша көшілгері келе жатқанын жақсы білеміз. Мұнда инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалған. Сондықтан да екі тараптың мүдделеріне сай келетін бірқатар ұсынысты жеткізсем деймін. Мәселен, ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өнімдерін қайта өңдеу, балама энергия көздерін дамыту және инфрақұрылымдық жобалар мен туризмді өркендету аясын­дағы ынтымақтастықты арттыруда қос тараптың мүмкіндігі зор», – деді Су Фанцю.
    Өз кезегінде Бас консул облыс әкіміне жылы қабылдағаны үшін ризашылығын айтып, бұл кездесудің ынтымақтастықтың нығая түсуіне жол ашатынын тілге тиек етті. Кездесу соңында тараптар бірлескен жобаларды іске асыруға, сондай-ақ әріптестік байланысты жан-жақты кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.

    Ерзат АСЫЛ

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында 101 құтқарушы оқытылды
    15.05.2026
    Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті
    15.05.2026
    Қонаевта Жастар театры ашылды
    15.05.2026
    Өңір туризмі қарқынды дамуда
    15.05.2026
    Азаматтардың өтініштерін қарау барысында тұтынушының құқығы қорғалды
    15.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>