⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Мамыр 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Сенбілікке серпінмен!

    14.05.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Сенбілікке серпінмен!
    0
    SHARES
    124
    VIEWS

    Кеген ауданындағы А.Нүсіпбеков ауылының тұрғындары мен жастары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына белсене қатысып, ауылдың тазалығына өз үлестерін қосты. Ауылдың оңтүстік батыс аймағы, М.Жартыұлы, Н.Мәшкеев, С.Бейсембетұлы, С.Серкебаев көшелері, кіреберіс арка, стела аумағы қоқыстан тазартылды.
    -Ауылдың кіре беріс пен шыға беріс, жолдың екі жақ жиегін, туристер көп өтетін тұстарын тазалап жатырмыз,- деген ауыл әкімі Рүстем Әлімов жаз маусымында қонақтар жиі келетін демалыс орындарында тазалықты сақтауға шақырды.
    -«Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша ауылымызда тазалық жүріп жатыр. Демалушылар өздеріңізбен бірге қоқыстарды алып кетулеріңізді сұраймыз. Жерімізді таза ұстайық! Қоқыс тастамайық! Көпшілік болып, ат салысайық! – деді ауыл ақсақалы Ә.Күрмекбаев.
    -Адам баласының табиғатқа деген жанашырлығы жоғалып бара жатыр. Себебі, А.Нүсіпбеков ауылы үлкен күре жолдың бойында орналасқан. «Көлсай көлдеріне» қарай туристер жүреді. Табиғатымыз сондай керемет, соны аялай білуіміз керек. Жол жүрген жолаушылар жол бойына, ауыл шетіндегі сай-салаға келіп демалып, қоқыстарыңызды тастап кетесіздер. Сол себепті, сіздерге ескерту жариялап отырмыз. Жер-Ананы сыйлап, табиғатымызды қастерлеуді болашақ ұрпаққа үйретейік, -деген ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ұзақов демалушылар мен ауыл тұрғындарына өз ұсынысын жеткізді.
    Айта кетейік, осындай акциялар ауданның барлық елдімекенінде ұйымдастырылды. Аудан әкімдігі алдағы уақытта әр өңірде абаттандыру, көгалдандыру және таза орта қалыптастыру жұмыстарын жалғастыра бермек.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
    Кеген ауданы

     

    1 of 3
    - +

    1.

    2.

    3.

    Соңғы жаңалықтар

    ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЗЫҚ ЖОБАСЫ
    15.05.2026
    Жастарға әрқашан жол ашық
    15.05.2026
    Жастар ашық пікір алмасты
    15.05.2026
    Түркі интеграциясы экономикалық көкжиектерді кеңейтудің және өзара әлеуетті ашудың маңызды факторы ретінде дәйекті түрде орнығып келеді
    15.05.2026
    Түркі мемлекеттері ұйымы – мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге арналған өңірлік ұйым
    15.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>