⛅
28°C
Қонаев
Дүйсенбі, Мамыр 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Қонаевта бүгін этно-фестиваль өтеді

    18.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Қонаевта бүгін этно-фестиваль өтеді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    18 мамыр — Халықаралық музейлер күні. Мерекеге орай бүгін Қонаев қаласындағы Бердібек Соқпақбаев атындағы саябақ ашық аспан астындағы этно-музейге айналады. Мұнда «Ұлы дала шеберлері» халықаралық фестивалі өтіп, қонақтарға ғасырлар бойы сақталған ұлттық қолөнердің жасалу процесі таныстырылады: ұсталар темір соғып, зергерлер күміске өрнек түсіріп, шеберлер киіз басу мен ағаш ою өнерін көрсетеді.

    Фестиваль аясында Алматы облысы музейлері бірлестігінің қорында сақталған сирек әрі құнды жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылады. Келушілер Жамбыл Жабаевтың үй-музейінен жеткізілген әрі жыр алыбының өзі пайдаланған тұрмыстық бұйымдарды, сақ дәуірі мәдениеті мен дүниетанымын айшықтайтын археологиялық жәдігерлерді, б.з.д. V–IV ғасырларға жататын көне қыш ыдыстар коллекциясын,«Алтын адам» экспозициясын, сондай-ақ XX ғасырдағы магнитофондар, кинопроекторлар мен бейнекамералар секілді көне радиотехникаларды тамашалай алады.

    Биыл фестиваль қазақтың белгілі этнографы әрі ұста Дәркембай Шоқпарұлының 80 жылдығына арналады. Шараға оның шәкірттері мен ізбасарлары, сондай-ақ шетелдік қолөнершілер қатысады.

    Шара аумағында этноауыл құрылып, көрмелері ұйымдастырылады. Ал кешкісін фестиваль этно-концертке ұласып, сахнада Жігер Ауыпбаев, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Мақсат Рахмет, BAYANSULU және өзге де танымал артистер өнер көрсетеді.

    Іс-шара 19:00-де басталып, 22:00-ге дейін жалғасады.

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында белбеу күресінен ел чемпиондары анықталды
    18.05.2026
    Алматы облысының 37 дәрігері Ресейде біліктілігін арттырды
    18.05.2026
    «Қымызмұрындық-2026» фестивалі былтырғыдан ауқымды өтеді
    18.05.2026
    Қазақстандықтардың басым бөлігі елдің даму бағытын оң бағалайды – сауалнама
    18.05.2026
    Қонаевта бүгін этно-фестиваль өтеді
    18.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>