Күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін Алматы облысының ауыл шаруашылығы құрылымдарына дизель отынын жеткізу бойынша операторлардан өтінімдер қабылданып жатыр. Өтініштерді «Алматы облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларының 18-тармағына сәйкес қабылдайды.
Дизель отынын жеткізуші операторлардан өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 21-23 тамыз аралығында Қонаев қаласы С.Сейфуллин даңғылы 56 үйде жүргізіледі.
Дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысу үшін ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасын көрсетуі тиіс. Сонымен қатар жеткізуші кемінде екі жыл ішкі нарықта мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесі барын растайтын құжаттардың көшірмелерін, дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін банк шотында қаржысы немесе несие қаражаты барын растайтын банктен анықтама ұсынуы шарт.
Мұның сыртында дизель отынын жеткізуден үміткер субъект банкте соңғы үш ай мерзімде банкке мерзімі өткен берешегі жоқтығын растайтын анықтама, өтініш бергенге дейінгі күнтізбелік бес күн ішінде салық қарызы жоқтығын куәландыратын құжат ұсынуы тиіс.
Бұған қоса жеткізуші мұнай өнімдерін сақтайтын база немесе резервуарының құжаттарын да тіркеп, цистернасы бар көлікті өлшейтін таразысы барын растауы қажет.
Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша 8 (771) 756-45-51; 8(705) 175-20-39, және мына электрондық мекенжайға хабарласып білуге болады Obl.ush@mail.ru