⛅
28°C
Қонаев
Дүйсенбі, Мамыр 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    «Қымызмұрындық-2026» фестивалі былтырғыдан ауқымды өтеді

    18.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    «Қымызмұрындық-2026» фестивалі былтырғыдан ауқымды өтеді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматы облысында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін дәстүрлі «Қымызмұрындық-2026» фестивалі өтеді. Ауқымды мәдени-көпшілік шараға алыс-жақын шетелден келетін меймандарды қосқанда барлығы 35 мыңға жуық адам қатысады деп күтілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды. Фестиваль дәстүр бойынша Кеген ауданындағы Қарқара жайлауында ұйымдастырылады. Биылғы шара маусым айының соңғы сенбісі — 27 маусым күні өтеді.
    Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Төлеген Кенжебеков фестивальдің негізгі мақсаты ұлттық мұраны насихаттау ғана емес, өңір туризмін дамыту екенін атап өтті.
    «Қымызмұрындық» фестивалі биыл «Таза Қазақстан» тұжырымдамасымен үндеседі. Басты мақсат — Қарқараның көркем табиғатын сақтай отырып, этнотуризмді дамыту, өңірге келетін туристердің қызығушылығын арттыру және жергілікті экономикаға серпін беру. Бұл — ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртатын, халықаралық деңгейдегі маңызды мәдени алаң» — деді Төлеген Кенжебеков.
    Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әнуар Үмбеталиевтің айтуынша, биылғы фестиваль бағдарламасы мазмұндық жағынан бұрынғыдан да ауқымды болмақ.
    «Фестиваль аясында қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, этноауыл тігіледі. Көрермендерге ашық аспан астындағы театрландырылған қойылымдар ұсынылады. Сонымен қатар ерекше форматтағы концерттік бағдарлама әзірленіп жатыр. Ұлттық салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттайтын мазмұнды шара өтеді деп сенеміз» — деді Әнуар Үмбеталиев.
    «Қымызмұрындық» — жазда жайлауға көшкеннен кейін алғашқы қымыздың дайындалуына байланысты өткізілетін көне дәстүрлі мереке. Бұл ғұрып қазақ халқының қонақжайлығы мен табиғатқа деген құрметін айшықтайды.
    Фестиваль Қарқара жайлауында бұған дейін төрт рет өткізілген. Өткен жылы шараға 8 мыңнан астам қонақ қатысып, 40 киіз үй тігілген. Сондай-ақ 250-ден астам шағын және орта бизнес өкілі тартылған.
    Ал биыл фестиваль аумағында 80-нен астам киіз үй тігіледі.
    Шараға Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Қытай, Түрікменстан, Өзбекстанның Қарақалпақстан Республикасы және өзге де елдердің өкілдері қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер, Ақсақалдар мен Аналар кеңесінің мүшелері, спортшылар, блогерлер мен БАҚ өкілдері шақырылған.
    Фестиваль бағдарламасында ұлттық ойындар мен дәстүрлі спорт түрлері кеңінен қамтылады. Атап айтқанда, ат бәйгесі, қазақ күресі, қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату, қой көтеру сынды жарыстар өтеді. Сондай-ақ «ТОПЖАРҒАН» этноөнер орталығының шоуы, «ТОЛАҒАЙ» өнер орталығының қойылымдары және белгілі өнер жұлдыздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылады.
    Жастар үшін алтыбақан, қол күрес, арқан тарту және түрлі ұлттық ойындар қарастырылған. Балаларға арнайы киіз үйлер тігіліп, қуыршақ театры, сурет салу, қолөнер, шахмат, тоғызқұмалақ жарыстары мен ойын-сауық алаңдары жұмыс істейді.
    Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі, жәрмеңкелер мен аукциондар өткізу жоспарланып отыр.

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында белбеу күресінен ел чемпиондары анықталды
    18.05.2026
    Алматы облысының 37 дәрігері Ресейде біліктілігін арттырды
    18.05.2026
    «Қымызмұрындық-2026» фестивалі былтырғыдан ауқымды өтеді
    18.05.2026
    Қазақстандықтардың басым бөлігі елдің даму бағытын оң бағалайды – сауалнама
    18.05.2026
    Қонаевта бүгін этно-фестиваль өтеді
    18.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>