⛅
27°C
Қонаев
Дүйсенбі, Мамыр 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысының 37 дәрігері Ресейде біліктілігін арттырды

    18.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Алматы облысының 37 дәрігері Ресейде біліктілігін арттырды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    2026 жылдың наурыз–сәуір айлары аралығында Алматы облысында медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Аймақтың 37 дәрігері Ресей мен Беларусь елдерінің жетекші клиникалық базаларында тағылымдамадан өтіп, заманауи медицинаның озық тәжірибелерін меңгерді. Бағдарламаны қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 100 миллион теңге бөлінді.

    Оқыту бағдарламасының негізгі мақсаты – дәрігерлердің кәсіби деңгейін көтеру, диагностика, емдеу және оңалту саласындағы заманауи тәсілдерді тәжірибе жүзінде игеру болды. Тағылымдамадан өткен мамандар акушерия-гинекология, неонатология, травматология, эндоскопиялық хирургия, онкология, анестезиология және реаниматология бағыттары бойынша білімдерін жетілдірді.
    «Шетелдік клиникаларда дәрігерлер пациенттерді қабылдау, диагноз қою, ем тағайындау, хирургиялық операцияларға қатысу, инвазивті және инвазивті емес процедураларды орындау сияқты тәжірибелік жұмыстарға белсенді қатысты. Сонымен қатар, қабылдау бөлімдері мен жансақтау бөлімшелерінде жұмыс істеп, нақты клиникалық жағдайда тәжірибе жинақтады»,-дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Жүнісова.
    Тағылымдама қорытындысы бойынша барлық қатысушылар атқарылған жұмыстар туралы толық есеп ұсынып, алған білімдері мен тәжірибелерін өңірдегі медициналық ұйымдардың тәжірибесіне енгізу бойынша ұсыныстарын білдірді.

    Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес, халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында мобильді консультативтік топ құрылды. Топ құрамына түрлі медициналық бағыттағы білікті мамандар енгізілді.
    Мобильді топтың жұмыс кестесіне Балқаш аудандық орталық ауруханасы, Райымбек аудандық ауруханасы және Кеген аудандық ауруханасы енгізілді. Сонымен қатар, жергілікті медициналық ұйымдарда жауапты мамандар бекітіліп, тұрғындармен байланыс пен іс-шараларды үйлестіру қамтамасыз етіледі.

    Tags: біліктілікдәрігермедицина

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында белбеу күресінен ел чемпиондары анықталды
    18.05.2026
    «Қымызмұрындық – 2026»: Қарқара жайлауы күтеді
    18.05.2026
    Алматы облысының 37 дәрігері Ресейде біліктілігін арттырды
    18.05.2026
    «Қымызмұрындық-2026» фестивалі былтырғыдан ауқымды өтеді
    18.05.2026
    Қазақстандықтардың басым бөлігі елдің даму бағытын оң бағалайды – сауалнама
    18.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>