⛅
24°C
Қонаев
Сейсенбі, Мамыр 19, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Балаға көңіл бөлесіз бе?

    19.05.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Балаға көңіл бөлесіз бе?
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қаскелеңде он жылдан бері «Сәуле сапар» оңалту орталығы әртүрлі ауытқуы бар балаларды емдеуде жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Осы жолы біз орталықтың негізін қалаушы, тәжірибелі маман Сәуле Рақымжановаға кейбір балаларда кездесетін сөйлеу дамуының кешеуілдеуі сияқты маңызды әлеуметтік мәселе туралы пікір білдіруін сұраған едік.

    – Өкінішке қарай, бұл шынымен де жиі кездесетін құбылысқа айналды. Қазір балалар уақытының көп бөлігін телефон мен теледидарда өткізеді, ал сөйлеу тікелей байланыс арқылы дамитыны анық. Баламен әңгімелескенде, онымен ойнағанда, оған жауап қайтарылғанда ойы өседі. Бала еңбектеп, жүгіріп, қимыл-қозғалысқа түскенде мидың жұмысы жақсарып, сөйлеуге қажеттілік те арта түседі. Жүктілік пен босану кезіндегі факторларды да ескеру керек. Әртүрлі асқынулар баланың жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін. Бұған қоса, қазіргі өмірдің қарқыны өте жылдам, ақпарат көп, жүктеме жоғары. Балалардың жүйке жүйесіне мұның бәрін көтеру қиын. Дегенмен ата-аналардың да мұқият болғаны өте маңызды. Бала дамуындағы мәселелерді байқап, уақытында көмек көрсетуге дайын болу керек. Ең бастысы – бәрі өзінен-өзі түзеледі деп күтпеу керек. Неғұрлым ерте бастасаңыз, нәтиже соғұрлым жақсы болады, – дейді Сәуле Сапарғалиқызы.
    Оның айтуынша, мектепке дейінгі балаларда сөйлеу және неврологиялық қиындықтардың жиі кездесетіні байқала бастаған. Оның себебі, біріншіден, бала гаджеттермен көп уақыт өткізіп, ересектермен диалогқа аз түседі. Соның салдарынан сөйлеу кеш дамиды немесе өте әлсіз қалыптасады. Кейде бала бәрін түсінеді, бірақ сөйлемейді, өйткені оған сөйлесу қажеттілігі болмаған. Екіншіден, қозғалыс белсенділігінің төмендігі. Көптеген бала аз еңбектейді, аз қозғалады, ерте жастан пассивті өмір салтына көшеді. Бұл мидың толыққанды жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Тәжірибе көрсеткендей, емдік дене шынықтыру немесе бейімделген дене шынықтыру баланың сөйлеуін де, зейінін де дамытады. Үшіншіден, неврологиялық ерекшеліктер. Бұл жүктілік пен босанудың салдары болуы мүмкін: гипоксия, бұлшық ет тонусының жоғары немесе төмен болуы, жүйке жүйесінің жетілмегендігі. Мұндай балаларға кешенді әрі жүйелі тәсіл қажет.
    Әңгіме барысында Сәуле Сапарғалиқызы ата-аналарға бірнеше маңызды кеңес берді. Ең алдымен, баламен сөйлесу, істеп жатқан әрекетіңізді түсіндіру, бірге ойнау маңызды. Екіншіден, гаджеттерді пайдалануды шектеу керек. Экран алдында уақыт аз болған сайын, баланың қоршаған ортамен әрекеттесуі артады. Үшіншіден, баланың қозғалыста болуына жағдай жасау қажет. Серуендеу, ойын, дене жаттығулары – мұның бәрі дамуға тікелей әсер етеді. Төртіншіден, күн тәртібін сақтау маңызды. Ұйқы, тамақтану, тыныш орта – тұрақты жүйке жүйесінің негізгі базасы Бесіншіден, өзі өсіп кетеді деп күтпеу керек. Егер аздаған күмән болса, баланы мамандарға көрсетіп, дер кезінде көмек көрсеткен орынды.
    – Тәжірибе көрсеткендей, дұрыс тәсіл мен жүйелі жұмыс нәтижесінде балалар жақсы жетістіктерге жетеді, – деп қорытындылады Сәуле Сапарғалиқызы. – Ең бастысы, уақытты жоғалтпай, балаға көмектесу қажет. Неғұрлым ерте бастасаңыз, оның дамуы соғұрлым жеңіл әрі жылдам болады.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Жастарға жол ашық
    19.05.2026
    Балаға көңіл бөлесіз бе?
    19.05.2026
    Тәңіртау таланттары
    19.05.2026
    Мол өнім негізі
    19.05.2026
    Рухы мықты ұлт ұтылмайды
    19.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>