⚠️ Ауа райы табылмады.
Сейсенбі, Мамыр 19, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Шеберлікте шек болмас

    18.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Тарих
    Шеберлікте шек болмас
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қонаев қаласында Алматы облысы әкімдігі, облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен Халықаралық музейлер күніне, сондай-ақ қазақтың көрнекті этнографы, дәстүрлі қолөнер шебері, ұста Дәркембай Шоқпарұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала шеберлері» атты шеберлер мен қолөнершілердің халықаралық фестивалі өтті. 

    Музей ісінің қоғамдағы маңызын арттыру және дәстүрлі қазақ қолөнерін кеңінен насихаттауды мақсат еткен шеберлер мен қолөнершілердің фестивалін облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев салтанатты түрде ашып, фестиваль-көрме жұмысына сәттілік тіледі. «Музей – кез келген ел үшін ерекше мәнге ие сала. Экономикалық әл-ауқатпен қатар, өркениеті биік, рухани бай мемлекет болу жолында мұражайдың орны зор. Сондықтан бұл салада атқарылып жатқан жұмыстардың елдің мәдени мұрасын сақтап, рухани байлығын арттыруда алар орыны ерекше. Бүгінгі Халықаралық музейлер күні аясында ұйымдастырылып отырған «Ұлы дала шеберлері» атты халықаралық фестиваль – осы қасиетті миссияның жарқын көрінісі. Бұл жиынның белгілі қолөнер шебері, ұлттық реставрация мектебінің негізін қалаушы, этнограф–ғалым Дәркембай Шоқпарұлының 80 жылдық мерейтойымен орайластырылып ұйымдастырылуы тегін емес» – деді Ғани Айдарұлы.

    Ашық аспан астында өткен бұл мәдени шара барысында бірқатар үздік музей қызметкерлері облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапатталды.

    Фестиваль аясында келушілер үшін мазмұнды әрі қызықты бағдарлама әзірленді. Атап айтқанда, «Ғасырлар аманаты» көрме-экспозициясы ұйымдастырылып, ашық аспан астында Алматы облысының жетекші музейлері сирек кездесетін тарихи жәдігерлерін ұсынылып, келушілерді ұлттық мұрамен таныстырады. Сонымен қоса, «Шеберлер ауылы» бой көтеріп, көрме-жәрмеңке өтті. Онда халықаралық деңгейдегі қолөнер шеберлері мен Дәркембай Шоқпарұлының шәкірттері өз туындыларын көпшілік назарына ұсынып, темір өңдеу, зергерлік өнер, ағаш ою, киіз басу секілді дәстүрлі қолөнер түрлерінің көне технологияларын көрсетті. «Бүгінгі шараны музейлер күнімен бірге атап өтудің өзіндік мәні бар. Өйткені әкем біраз жыл музейде қызет етті. Оның үстіне Алматыдағы «Халық саз аспаптары» мұражайының ашылуына мұрындық болғаны тағы бар. Ол кісінің тұтас шығармашылық өмірін музей қызметінен бөліп қарауға болмайды. Сондықтан әкеміздің 80 жылдық мерейтойын осы айтулы күнмен бастап отырмыз. Алда ол кісіні еске алуға арналған бірқатар көрмелер мен семинарлар өтеді. Дәркембай Шоқпарұлының ұлттық мәдениетке сіңірген еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланды. Ол түрлі марапаттарға ие болып, ел ішінде зор құрметке бөленді. Алайда шебер үшін ең үлкен жетістік – өзі қалыптастырған өнер мектебі мен ұлттық мұраға айналған еңбегі. Бүгінде Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейі – дәстүрлі өнерді кеңінен танытатын, жас шеберлерге бағыт-бағдар беретін маңызды мәдени орталық. Бұл – өткен мен бүгінді жалғаған, тірі өнер тынысын сезінуге болатын рухани кеңістік. 80 жылдық мерейтой аясында өтетін көрмелер мен мәдени іс-шаралар Дәркембай Шоқпарұлының сан қырлы мұрасын терең танытып, ұлттық қолөнердің қоғамдағы маңызын айқындай түспек» – дейді Дәулет Дәркембайұлы.

    Ауқымды мәдени шараға Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия елдерінен, сондай-ақ облысымыздан 20-дан астам қолөнер шебері қатысты. Солардың бірі – Зейнеб Давронова. «Бүгінгі «Ұлы дала шеберлері» фестиваліне Өзбекстан Астанасы Ташкенттен арнайы келдік. Мұнда өзіміздің ұлттық киімдер мен кәдесыйларымызды ала келдік. Біздің қолдан тіккен өнімдерді жұрт қызыға сатып алуда. Кей ою мен өрнектеріміздің кейбір ұқсас тұстары да барын аңғардым. Өнерімізді жоғары бағалап жатқан өңір жұртшылығына алғыс айтамын!» деді көрші елдің қолөнер шебері.

    Көрмеде қазақтың дәстүрлі қолөнерінің сан қырлы үлгілерімен қатар, қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнер туындылары да ұсынылған. Олардың қатарында киіз бұйымдары, зергерлік әшекейлер, біз кесте, керамика, ағаштан жасалған бұйымдар, металлды көркем өңдеу, тоқыма өнері және дәстүрлі ұлттық киімдер бар. Көрме соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

    Ерзат АСЫЛ

    Қонаев қаласы

    Соңғы жаңалықтар

    Шеберлікте шек болмас
    18.05.2026
    Алатау қаласында жолаушылар аэротаксиі сынақтан өтеді
    18.05.2026
    Халық сенімі жоғары
    18.05.2026
    Оңалтудың техникалық құралдары
    18.05.2026
    Шаршы алаңда – полицейлер
    18.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>