⛅
20°C
Қонаев
Сейсенбі, Мамыр 19, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Қауіпті өндірістік нысандардағы қауіпсіздік – басты назарда

    19.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік
    Қауіпті өндірістік нысандардағы қауіпсіздік – басты назарда
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қауіпті өндірістік нысандардағы профилактикалық және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру – өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі. Қазіргі уақытта қауіпті өндірістік нысандарды пайдалану тұрақты бақылауды, алдын алу шараларын уақтылы жүргізуді және төтенше жағдайлар туындаған кезде жедел әрекет етуге дайын болуды талап етеді. Бұл өз кезегінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ өндірістік тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

    Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес кәсіби авариялық-құтқару қызметтері қауіпті өндірістік нысандарда тау-кен құтқару, газдан құтқару және фонтанға қарсы жұмыстарды жүргізуге арналған. Аталған қызметтердің негізгі міндеті – авариялардың салдарын жоюмен қатар, олардың алдын алу бағытында жүйелі профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру.

    «Қауіпті өндірістік нысандарды пайдаланатын ұйымдар заң талаптарына сәйкес кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен шарт жасасуға міндетті. Бұл талап өндіріс орындарының төтенше жағдайларға әрдайым дайын болуын қамтамасыз етеді және ықтимал қауіптердің алдын алуға мүмкіндік береді»,- дейді ҚР ТЖМ Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының бөлім басшысы Ерлан Кадыров.

    Профилактикалық жұмыстар аясында авариялық-құтқару қызметтері өндірістік нысандарға тексеру жүргізеді, объектілердің аварияларға дайындық деңгейін бағалайды, аварияларды жою жоспарларын әзірлеуге қатысады және оқу-жаттығулар ұйымдастырады. Сондай-ақ қызметкерлерге төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібі түсіндіріліп, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар өткізіледі.

    Қауіпті өндірістік нысанның ерекшелігіне қарай кәсіби авариялық-құтқару қызметтері газдан құтқару, тау-кен құтқару және фонтанға қарсы жұмыстарды орындайды. Бұл жұмыстар арнайы жабдықтар мен заманауи технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

    Соңғы жаңалықтар

    Қауіпті өндірістік нысандардағы қауіпсіздік – басты назарда
    19.05.2026
    Мемлекет басшысы: «Алтын Орданың экономикалық құрылымын жан-жақты зерттеген жөн»
    19.05.2026
    Мемлекет басшысы: «Әл-Фараби, Ясауи және басқа да әйгілі ойшылдар ілімінің Алтын Орда тұсында одан әрі дами түсуі заңдылық»
    19.05.2026
    Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан Алтын Орда тарихын әлемдік жылнаманың күрделі, сан салалы кезеңі ретінде қарастырады»
    19.05.2026
    Президент: «Алтын Орда жылнамасы – адамзатқа ортақ тарих»
    19.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>