⛅
27°C
Қонаев
Бейсенбі, Мамыр 21, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Қауіпсіздік пен қолдау қажет

    21.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік
    Қауіпсіздік пен қолдау қажет
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында география және таби­ғатты пайда­лану факуль­теті Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының жетекші­лігі­мен «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі», «Өнеркәсіптегі кешенді қауіпсіздік аудиті және басқару» білім беру бағдар­ламаларының 1-курс магистранттары Жандияр Көкен, Ботагөз Мұхамбетқалиева, Шыңғыс Сағын, Нұрсұлтан Сәлім, Рамазан Қаныбек, Ақлима Махамбетова, Әдия Молдабаева, Ерлан Сапыжановтардың ұйымдастыруымен Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған халықаралық гибрид форматындағы дөңгелек үстел өтті.

    Тұрақты дамуға бағытталған іс-шараға оқытушылар мен студенттер, өндіріс орындарының еңбек қорғау саласының бас мамандары қатысты. Сонымен қатар онлайн форматта Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің профессоры Караматдин Жаксымуратов сөз сөйлеп, еңбек қауіпсіздігіне қатысты ғылыми тұжырымдарымен бөлісті. Аталған университеттің магистранты Ұлдәулет Елшібекова тау-кен саласындағы еңбек қауіпсіздігі бойынша өзекті мәселелерді көтеріп, нақты ұсыныстарын айтты.
    Конференцияның тәжірибе бөлімі қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. «KazPromEducation» ЖШС құрылтайшысы Нұрболат Рысалыұлы өндіріс қауіпсіздігіне арналған түрлі заманауи құрал-жабдықтарды таныстырып қана қоймай, олардың жұмыс істеу қағидаттарын студенттер мен магистранттарға тәжірибе жүзінде көрсетіп берді. Өндірістік сектор өкілдері де мазмұнды баяндама жасады. Кафедра түлектері, «Sensata Almaty» компаниясының бас инженері Қайрат Бисенов пен еңбек қауіпсіздігі инженері Рахат Бақтыбай құрылыс алаңындағы еңбек қауіпсіздігі мен қауіпсіздік мәдениетінің маңызы туралы айтып, нақты тәжірибеде кездескен мысалдарымен бөлісті. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің түлегі, «Алма-Ата Проект» ЖШС директоры Әлішер Әбиев студенттерді бос жұмыс орындарына шақырды.
    Іс-шараның тағы бір маңызды қыры оның кәсіби бағдар беру алаңына айналуы болды. Қонақтар магистранттарды өз ұйымдарында жұмыс істеуге шақырып, бос жұмыс орындары туралы ақпарат берді. Бұл жас мамандар үшін үлкен мүмкіндікке айналып, олардың болашақ кәсіби жолын айқындауға ықпал етті. Бітіруші магистранттар Ақерке мен Жансая студенттердің оқу үдерісіне қажетті арнайы құрылғыларды сыйға тартты.
    Конференция ары қарай интерактивті бөліммен жалғасып, қатысушылар зияткерлік викториналар мен командалық тапсырма арқылы өз білімдерін сынады. Бұл формат талқыланған мәселелерді тереңірек меңгеруге жағдай жасады. Жиын қорытындысында қатысушылар бір маңызды тұжырымға келді: ұйымның табысы ең алдымен адам факторына байланысты. Қызметкер өзін қауіпсіз сезінгенде, қолдау көрсетілген жағдайда ғана жоғары нәтижеге қол жеткізе алады. Сондықтан қолайлы психоәлеуметтік жұмыс ортасын қалыптастыру кез келген ұйымның стратегиялық басымдығы болуы тиіс.

    Айгүл ҚОЖАХАН,
    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының қауымдасқан профессоры,

    техника ғылымдарының кандидаты

    Соңғы жаңалықтар

    Қарасай ауданында «Samruk Alaman» облыстық волейбол турнирі өтті
    21.05.2026
    Қазақстанда жылына 10 млн тонна мұнай өңдейтін ірі зауыт салуға дайындық басталды
    21.05.2026
    «Кең Дала – 2»: Алматы облысында 10 агроөнеркәсіптік жобаға 3 млрд теңге бөлінді
    21.05.2026
    Алматы облысында Құрбан айтқа дайындық барысы пысықталды
    21.05.2026
    Алматы облысында тұрғындар көтерген мәселе шешімін тапты
    21.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>